Қатардағы жаттығулар. Оңға, солға бұрылулар. Мәнерлі жүрістер.
Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Арақашықтықты сақтау. Козғалыстағы жаттығулар тізбегі. Қолға, аяқа арналған бой жазу жаттығулары. Шеңберге тұру.
Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.Созылуға, иілуге арналған жалпы дамыту жаттығуларды орындау. Буындарды, бұлшық еттерді негізгі қимыл-қозғалыстарды орындауға дайындау.
Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырық.
Сабақтың ортасы
(К, И, Э) «Ормандағы далашық».
Ойыншылардың алдында ормандағы алаңның аймағы бар, ондағы үстелдерде пластмасса стакандар, үстел үстілік тенниске арналған кішкене шар тұр. Стаканның жоғарғы жағы күңгірт пленкамен жабылған. Оқушы станканда не бар екенін біле алады. Ол үшін оны мәреде ашуы және стаканның ішіндегі затты топқа көрсетуі керек. «Мандариндер» (теннистік кішкене шарлар) барлық стаканда болмайды. Ойыншылардың міндеті өздерінің кезектерінде, ормандағы алаңға жүгіріп баруы, кез келген стаканды алуы және қайта оралуы керек. Ойыншы стаканды таңдамауы керек. Кездейсоқ табу арқылы топ өзіне ұпайды жинайды. Мандарин саны көп болған сайын, жеңіске деген мүмкіндік көбейеді.
Осыған ұқсас эстафета нұсқасын өткізуді ұсыну.
(К, И, Э, Ф) Әр топ алдында 5 метр аралықта үстел үстінде пазлдың 8 бөлігі жатады. Пазлдың бір жағында сурет, екінші жағында нөмір болады. Әр ойыншы топтағы кезегі келгенде нөмірі бар пазлды алады. Бірінші ойыншының міндеті үстелге дейін жүгіріп бару, өз нөмірі бар пазлды табу, өзіне ыңғайлы әдіспен туннель арқылы өту және пазлды туннельден кейінгі тақтаға 5 метр аралықта жапсыру болып саналады. Жапсырған соң ойыншы өз тобына жүгіріп келіп, қайта қосылады.
Үлкен ойын алаңы, ысқырық, бор, 20 пластикалық стакандар, 15 үстел теннисіне арналған доптар, стакан қақпақтарына арналған целлофан, қақпақ жасау арқылы стаканды целлофанмен орауға арналған жіп.
Топ санына қарай 3 – 4 үстел, А 4 пішімдегі қарапайым суреттер (шар, спорт добы, күшік және т.б), 5-8 бөлікке қию
Білім беру саласындағы жұмысшылардың әлеуметті жүйесі:
http://nsportal.ru/
Сабақтың соңы
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:Теориялық және практикалық жаттығуларда мұғалім командалық эстафеталар кезінде әдеттегі қателерге, жетістіктерге назар аударады анықтамалар береді. Оқушылардың қызығушылықтарын қолдап және дамытып, дағдыларын дамытуға нұсқаулар беру, бақылау. Осы тапсырмаларға байланысты басқа да баламалы нұсқаларына ұсыныстар жасау.