Сабақ авогадро заңы газдардың молярлық көлемі Авогадро заңы және одан шығатын салдары



бет2/2
Дата01.04.2023
өлшемі72,98 Kb.
#78261
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Лекция-1672919459137

Бақылау есептері:

  1. Әрқайсысының сыйымдылығы 3 л болатын екі ыдысқа бірдей жағдайда біреуіне хлор, екіншісіне оттек толтырылған. Қай ыдыстың массасы ауыр?

  2. Қалыпты жағдайда газдың молярлық көлемін пайдаланып, азот молекуласының тығыздығын есептеңіз (г / мл).

  3. Массасы 20 г сутек газының қалыпты жағдайдағы алатын көлемін есептеңіз.

  4. Азот пен сутектің тең көлемдері араласады. Алынған қоспадағы сутектің массалық үлесін есептеңіз.

  5. Массасы 5 г азот монооксидіне 4г оттегі қосылды, нәтижесінде пайда болған азот (IV) оксидінің газ қоспасындағы көлемдік үлестерін есептеңіз.

  6. Реакция нәтижесінде 25,4 г йод алынған. Калий йодидтімен әрекеттескен хлордың массасын анықтаңыз.

  7. Болат баллонда 30 кг сұйық хлор бар. Хлордың көлемін (қ.ж.) (м 3) анықтаңыз.

  8. Мөлшері 4 моль фосфор мен оттек әрекеттескенде түзілген фосфор (V) оксидінің зат мөлшері және жұмсалған оттектің көлемін (қ.ж.) анықтаңыз.

  9. Хром (ІІІ) оксидінен 10,4 г хром алу үшін жұмсалған сутектің көлемін (қ.ж.) анықтаңыз.

  10. Көлемі 200 мл 20%-тік (ρ = 1,075 г/мл) тұз қышқылы ерітіндісімен массасы 20 г мәрмәр әрекеттескенде түзілген көмірқышқыл газының көлемін (қ.ж.) есептеңіз.

  11. Көлемі 5,6 л газ (қалыпты жағдайда) ыдысқа орналастырылды, ыдыста газдар болмаған кезде массасы 220,5 г болды, ал газы бар ыдыстың массасы 120,8 г болды. Газдың сутек бойынша салыстырмалы тығыздығын есептеңіз.

  12. Массасы 5,4 г кальций оксидін алу үшін қажет кальций мен оттектің мөлшерін есептеңіз (қалыпты жағдай).

  13. Көлемі 56 л метан жану нәтижесінде пайда болған көміртегі оксиді (IV) қалыпты жағдайдағы көлемі қандай?

  14. Азотпен толтырылған шыны ыдыстың массасы 208,6 г құрайды, азот сияқты белгісіз газбен толтырылған сол ыдыстың массасы 214,65 г құрайды, бос ыдыстың массасы 204 құрайды. Белгісіз газдың молярлық массасын анықтаңыз.

Белгісіз газдың молярлық массасын анықтаңыз. Азот мен оттектің әрекеттесуі кезінде қалыпты жағдайда көлемі 10,08 л азот диоксиді түзілді. Реакцияға қатысқан газдардың массасын және көлемін есептеңіз

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет