Нәрестелердің асфиксиясы – бұл оттегі тапшылығының ұзақ немесе жедел әсерінен туындайтын баладағы патологиялық жай-күй.Онда газ алмасу қызметі бұзылады:оттегі қанда (гипоксемия),ұлпада(гипоксия)жетіспейді;көмір қышқыл газы көбейеді(гиперкапния),сондай-ақ зат алмасудың басқада қалдықтары көбейіп ацидоз пайда болады, ішкі ағзадағы басты мүшелердің: ОЖЖ мен жүрек-қан тамырларының , бауырдың қызметі бұзылады.