Сабақ: Қазақ әдебиеті
IV бөлім «Отбасы құндылықтары».
|
Мектеп: №238 орта мектеп
|
Күні: 27.04.2023ж
|
Мұғалімнің аты-жөні: А. Жарболова
|
Сынып: 5 - сынып
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Н.Ақыш «Нағыз әже қайда?» әңгімесі
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
(оқу бағдарламасына сілтеме)
|
5.Т/Ж1. Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау.
5.Б/С2. Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстыра суреттеу.
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушылар орындай алады:
|
«Нағыз әже қайда?» әңгімесінің фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттап, кейіпкерлер бейнесін айта алады.
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
|
«Нағыз әже қайда?» әңгімесіндегі автор қолданған әдеби құралдармен кейіпкерлер бейнесін сипаттай алады.
|
Кейбір оқушылар орындай алады:
|
«Нағыз әже қайда?» әңгімесіндегі әжелер бейнесін шынайы өмірмен байланыстыра отырып, кейіпкерлерді салыстыра суреттей алады.
|
Бағалау критерийлері:
|
Білім алушы
- Әңгіменің фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттай алады.
- Әңгімедегі кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстыра суреттей алады.
|
Тілдік мақсат:
|
Оқушылар орындай алады:
|
Оқылым – жазылым, жазылым – айтылым, тыңдалым дағдылары қолданылады.
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
|
Ұршық,құрметтеу, аппақ кимешегі, камзол мақаммен, кейуананы, ардақты, ірімшік, қасиетті.
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
1.Ая мен Райханның түсінігі бойынша нағыз әже қандай болуы керек?
2.Не себепті олар әжені көруді армандады?
3.Қалай ойлайсыңдар, қыздар нағыз әжені көре ала ма?
|
Ишара:
Басынан сипау, арқасынан қағу, мадақтау
|
Құндылықтарға баулу
|
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының «Тарихтың, мәдениеттің, тілдің біртұтастығы» бөлімі бойынша ұлттық кодтың 3- тармағы бойынша салт-дәстүрді сақтай отырып, үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.
|
|