8.1.4.1 Төл сөз бен төлеу сөз бойынша түсінік алу, жасалу жолдарын меңгеру, төл сөз бен төлеу сөздің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ұғыну, тыныс белгілерін білу.
8.3.2.1 Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін білу, төл сөзді төлеу сөзге айналдыру, өзіндік тұжырым жасау.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар:
Төл сөз бен төлеу сөзді мәтін ішінен ажырата алады. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін біледі, төл сөзді төлеу сөздерге айналдыра алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Төлеу сөзді төл сөзге, төл сөзді төлеу сөзге айналдырады, төл сөздердің жасалуын, олардың тыныс белгілерін меңгеріп, өз беттерінше төл сөзді мәтіндер құрайды.