Барлық оқушылар:
• Төл сөз бен төлеу сөзді мәтін ішінен ажырата алады. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін біледі, төл сөзді төлеу сөздерге айналдыра алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
• Төлеу сөзді төл сөзге, төл сөзді төлеу сөзге айналдырады, төл сөздердің жасалуын, олардың тыныс белгілерін меңгеріп, өз беттерінше төл сөзді мәтіндер құрайды.
Кейбір оқушылар:
• Мәтін ішінен төл сөздер мен төлеу сөздерді ажыратады, олардың жасалу жолдарын түсіндіріп бере алады.
|
«Қолмен белгі беру» әдісі. Оқытушы өзінің сабақ түсіндіріп жату процесін кез-келген уақытта тоқтатып, оқушылардан айтылып жатқан тақырыпты түсінгенін немесе түсінбегендерін сұрау арқылы олардың сабақ барысындағы іс-әрекеттерін анықтауда тиімді әдіс болып табылады. «Мадақтау сэндвичі» әдісі позитивті комментарий айтуға, не ұнағандығын, сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек туралы ой-пікірлерді білдіру мақсатында өзіндік тиімділігі бар. «Дұрыс. Бұрыс» әдісі арқылы жеке жұмыс бойынша олардың жұмыстарының дұрыс және бұрыс тұстарын анықтау кезінде бір-бірін бағалауға пайдасы мол. «Топтық бағалау» әдісі топтардың бір-бірін бағалауға мүмкіндік береді.
«Рефлексия пирамидасы» арқылы кері байланыс жасалады.
|
Сабағымда қазақ әдебиеті пәнімен пәнаралық байланыс орнатылды. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері сақталған.
АКТ қолданылды.
Оқушылардың бойында ұлтын, ана тілін қадірлеу, адамгершілік қасиеттер қалыптасады.
|