2-тапсырма. «Постер» әдісі.
Сендердің ойларыңша, Ата заңға қандай өзгерістер енгізуге болады? Өз ойларыңды қорытып, постер жасаңдар. Т.Ж.
Қ/Б: «Сыныптастарды бағалау» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды.
3-тапсырма. «6 неліктен?» әдісі арқылы шығарманың идеясы мен мазмұнына байланысты «автордың ойын» бағалаңдар.
Әр топ 2 сұраққа жауап беріңдер. Т.Ж.
Неліктен Ата заңымызды білуіміз керек?
Неліктен автор «Ей, ұлым – Отанымның түлегісің», - деп айтқан?
Неліктен автор өлеңді жастарға арнады?
Неліктен Елбасы Ата заңға қолын қойып ант береді?
Неліктен автор Ата заңымызды - ар-намысқа теңеп бағалады?
Неліктен сен автордың идеясын қолдап, бағалайсың?
Қ/Б: «Архиватор 3, 2, 1» әдісі
Бағалау критерийлері
|
Дескрипторлар
|
Мәтіндегі ақпараттың өзектілігін анықтайды.
Ақпараттың өзектілігін анықтай отырып, қорытынды жасайды.
Шығарманың идеясы мен мазмұнына байланысты «автордың ойын» бағалайды.
|
-өлеңді оқиды;
- жаңа сөздерді тірек сөздермен байланыстырады;
-кезеңдерге бөледі;
-сұрақтарды дайындайды;
-өлеңдегі ақпараттың өзектілігін анықтайды.
-ақпаратты түсінеді;
-қандай өзгеріс енгізуге болатынын айтады;
-өзектілігін анықтайды;
-қорытынды жасайды.
-сұрақтарға жауап береді;
-өз көзқарасын білдіреді;
- автордың идеясын қолдайды;
- автордың ойын бағалайды.
|
|
9-сынып, «Көкжиек» баспасы,
84-бет
Кестелер, сұрақтар
бағдаршам макеті, стикерлер
А3 парағы, маркерлер
|