1-тапсырма. Тыңдалым: үнтаспадан «Тойға тілек» деген әнді тыңдап әрі қосыла шырқап, қазақ халқының қандай қасиетін жырға қосып тұрғанын айт.
Бағалау: «бағдаршам түстері» карточкалары арқылы бағаланады.
5-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгеніңді айт.
Қазақ халқының бала бағуға байланысты ғұрыптар кешеніндегі шілдеханадан бастап, кіндік кесу, баланың қарын шашын алу, бесікке салу, қырқынан шығару, тоқым қағу, тұсау кесу сияқты толып жатқан салттар отбасылық мерекеге айналады.
Отбасылық ғұрып фольклорының ішіндегі жұртты ынтықтыра тәнті ететін көркем де күрделі саласы – үйлену ғұрпына қатысты жырлар. Бұған «Тойбастар», «Жар-жар», «Сыңсу», «Беташар», «Неке қияр» сияқты танымал жанрлық түрлері жатады. Дәстүрлі ұғымда үйлену тойы тек қыз бен жігіттің немесе ата-ананың ғана қуанышы емес, ол бүкіл ауылдың, аяқ жетер ағайынның, ұлыстың қала берді, бүкіл елдің тойы болған.
Мәтін бойынша сұрақтар «Ортада қаламсап» әдісі арқылы:
Бала бағуға қатысты қандай салттар бар?
Үйленуге байланысты қандай салттар бар?
Бесікке салу қандай салт?
Тағы қандай отбасылық мерекеге айналған ғұрыптарды білеміз?
Тапсырма: сурет бойынша отбасылық ғұрыптарға байланысты мәтін құрастыру(жарнама)
1 топ «Беташар», 2 топ «Қыз ұзату» (Сыңсу), 3 топ «Бесікке салу», 4 топ «Тұсау кесу», 5 топ «Сүндет той»
Бағалау: «бағдаршам түстері» карточкалары арқылы бағаланады.
8-тапсырма. Төмендегі сөздердің ішінен ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпалды тап.
Көзқарас, жұмысшы, сенгім келеді, Жанқожа, жазшы, Досжан, ашса.
Бағалау: «бағдаршам түстері» карточкалары арқылы бағаланады.
Қорытындылау.
|
Кестелер
Слайд 2
Таратпа материалдар
|
Бағалау
3 минут
|
Жалпы жұмысты қорытындылай келе, оқушылардың мақсатқа жетуі бағалау критерийлері негізінде бағаланады.
Топ мүшелері қорытынды жасайды.
|
Ұсынылған бағалау критерийлері
|
Кері байланыс
5 минут
|
3 «Қ» әдісі бойынша:
Маған қиын болды,
Маған қызық болды,
Маған қажет болды.
|
Кері байланыс парағы
|
Ескерту
|
Мұғалім өзінің шығармашылығына қарай бұл сабақты 2 сабаққа жоспарлауға да болады.
|
|
Қосымша ақпарат
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |