Жаңа білім мен тәжірибені қолдану Жаңа білім мен тәжірибені қолдану Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау» Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады.
3.1.2.10 екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану
Сабақтың барысы.
Сабақтың кезең
уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы
Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Мен ақылды баламын» әр бала өздерінің жақсы қасиеттерін атап, қалай өсіп келе жатқандарын айтады.
Мыс: Мен Балнұр, балдай тәтті үйдің еркесімін. Мен Асқар, барлығынан біліміммен барлығынан асып түссем деймін т.б.
«Бір сөзбен» әдісі барысында оқушылар берілген сөздердің ішінен бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтын үш сөзді таңдайды.
(қуаныш, немқұрайлылық, шабыт, зерігу, сенімсіздік,сенімділік,рахаттану,алаңдау)
Жұмыс ережесін келісу Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)
Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.
Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.
ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау.
Психологиялық ахуал.
Алдыңғы білімді еске түсірутапсырмалары.
Сабақтың ортасы
Өздік жұмыс Кітаптағы №2 тапсырмада балалар бөлудің жазбаша амалын өрнек түрінде баған түрінде жаза отырып орындайды.
Оқушылар №3 тапсырмада күрделі теңдеуді шешу амалын қолдана отырып теңдеуді шешеді, бұл есепте олар сәйкес келетін амалды қолданады.
Қиындықты шешу Оқытушы тапсырманың дұрыстығын тексереді.
– Кімде қиындықтар туындады?
– Қай жерде қате жібердіңдер?
– Жіберілген қатенің себебі неде?
– Өздік жұмыста қателік жібергендер, өз іс-әрекеттерінің мақсатын тұжырымдаңдар.
(Қосымша тапсырмалар орындау). –Есептеу барысында қиындық туындағандар, ары қарайғы жұмысқа мақсаттарың қандай?
(Қатемен жұмыс). – Қатемен жұмыс амалын қолданамыз.
– Әркім өзінің оқу мақсатын айтады.
Оқытушы бағалау критерийі бойынша дәптерге есеп орындауды ұсынады.
Мен:
разрядтан екі аттап өту арқылы көбейту мен бөлудің алгоритмін түсіндіре аламын;
разрядтан екі аттап өту арқылы көбейту мен бөлудің алгоритмін қолдана аламын.
Өткенді қолдану Оқытушы баланың деңгейіне қарай өздік жұмыс береді. Кітаптағы №5 тапсырма бойынша есептер шығару талап етіледі. а) пунктінде санның бөлігін табу беріледі, балалар оны табудың ережесін еске түсіреді.
Оқулықтағы №6 тапсырмада сызба бойынша бірнеше есептер құрастыруға тырысады. Оқулықтағы «Материал элементтерін бөлуді» жұптасып орындау барысында, бірінші оқушы барлық есепті өзі орындайды, ал екінші оқушы оны тексереді. Жұптасып орындау «амалында», бірінші оқушы түсіндіреді, екіншісі оны жазады, бірінші келісе ме жоқ па. Жұптасып орындауда «бірлесуді» таңдаған оқушылар жұмысқа бірге кіріседі, әрбір операция сайын өз есептерін салыстырып, тексереді, қарама-қайшылық туындаған жағдайда әрқайсысы өз есебінің дұрыстығын дәлелдеп, бір келісімге келуге тырысады.
№7 тапсырма зерттеушілік сипатта берілген. Оқушылар таңдалған дөңгелектердің ішінде неге біреуінің жасыл болатынын түсіндіреді (5 дөңгелекті алу ұсынылған, сарының саны 4, қалғаны жасыл).
Өздік жұмыс. Кітапта берілген 4 тапсырмада оқушылар өрнекті жазып, ретін сақтай отырып олардың мәнін табады, барлық есептерді разрядтан аттап өту арқылы екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға жазбаша көбейту және бөлу алгоритмдерін және екі, үш таңбалы сандарды жазбаша қосу, азайту алгоритмдерін пайдалана отырып орындайды.