Білім берудің тиімділігін арттыру үшін оқу үдерісін адамды қоршаған ортадағы болып жатқан өзгерістерді есепке ала отырып ұйымдастыру керек. Қазіргі таңда маңызды өзгерісі ол ақпараттық технология.Бұл медиабілімнің оқу үрдісін дамытуға зор ықпалын тигізеді. Олай болса мектептегі сабақ барысындаАқпараттық коммуникациялық технологияның тиімділігі өте маңызды, біріншіден, оқушылардың қызығушылығың оятады, екіншіден, олардың белсенділігін арттырады, үшіншіден шығармашылық ахуал тудыруға бағыттайды, төртіншіден есте сақтау қабілетін дамытады және сабақ барысында мұғалімнің уақытын үнемдейді. Мұғалім әр оқушының сабаққа белсенді әрі қызығушылықпен жұмыс істеуіне ықпал тудыруы қажет. Сонда ғана оқу материалы терең әрі саналы түрде меңгеріледі, білімге сенімі артады. Осы орайда уақыт талабына сай жаңашыл өзгерістер аясында мен де өзімнің тәжірибемде оқушының шығармашылығын дамыту мен белсенділігін арттыру мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологияны сабақта қолдануыма көңіл бөлдім. Ақпараттық коммуникациялық технологиялар – білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. ХХІ ғасыр – озық технологиялар ғасыры. Сондықтан оқытуда жаңа технологияларды тиімді пайдалануда ағылшын тілін үйретіп, сол тілде еркін сөйлеу алуға көп септігін тигізеді. Сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану кезінде сабақтың тиімділігі мен уәжін арттырып, білім берудің табысты болуына оң ықпалын тигізері сөзсіз. Ақпараттық- коммуникациялық технологияны барлық деңгейлерде жүйелі пайдалану арқылы сабақтарда алынған ақпаратқа талдау жасай білуге, ақпаратты дұрыс
таңдау жауапкершілігін қалыптастыруға және өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады.
6 «Ә» сыныбында 26 оқушы, 1 топқа Нияз Талғатұлы, 2 топқа Амиржанова Ш.К. сабақ береді.
Сабақ Google classroom платформасында және Google meet арқылы өтеді. Сабақ кестесі бойынша ең алдымен информатика пәні болады, кейін АКТ сабағында информатикада өткен тақырыптарды толықтырып тапсырмалар,практикалық тапсырмалар орындайды.