Мультимедиалық оқыту презентацияларын құру және оларды сабақ барысында қолдану технологиясы Google-Презентации Мультимедиа Мультимедиа (Multimedia) - компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. Ол ақпаратты кешенді түрде бейнелеуді — мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне-, аудио- және мультипликациялық түрде шығаруды — жүзеге асырады. Мәтін, түрлі-түсті графика, дыбыс, сөз бен кескін синтезін жасап, ақпараттың өте көлемді мөлшерін жадында сақтап, диалогтық түрде жұмыс істейді. Мультимедиа элементтерімен еркін интерактивті түрде қатынас құруға, дыбыспен сүйемелденетін бейнекөріністерді компьютер экранында көрсетуге, тыңдауға толық мүмкіндік бар. Мультимедиалық программалар сөйлейтін энциклопедиядан бастап, бейнеклиптік мәліметтер базасын жасау жұмыстарын толық қамти алады.
Презентация Презентация - өзін көрсету, баяндама жасау, жобаны қорғау, дайын өнім мен қызметті жарнамалау және тағы басқа көптеген дүниені кең аудиторияға ұсыну. Презентация (ағылш. presentation, лат. presentatio; сөзбе-сөз - ұсыну) - бір туындыны, ұйым мен мекемені т.б. салтанатты жағдайда жұртшылық алдында ұсыну, ресми таныстыру болып табылады. MS Power Point программасының әрбір презентациясы слайдтар жиынынан тұрады. Ал слайдта графикалық фондта орналастырылған объектілер немесе текст тұруы мүмкін.
Слайд Слайд - көзге көрінетін күрделі көрініс. Оның құрылымына тақырып, мәтін, кесте, графикалық бейнеклиптер, дыбыс үзінділері, сызбалар енгізуге болады. Слайд фильмдерді жасаудың құралы - MS Power Point графикалық пакеті. Ол әр түрдегі презентацияны көрсетуге мүмкіндік береді. Слайд дегеніміз - тақырыптарды, мәтінді, кестелерді, графикалық объектілерді, ұйым схемаларын, дыбыстық үзінділерді, бейнеклиптерді және гиперсілтемелерді іске қоса алатын күрделі объект.
Презентация жасағанда мына ұсыныстарды ескеру керек: 1. Презентацияны алдын ала жоспарлау - оның мақсаты мен жалпы мазмұнын анық білу;
2. Әр слайд мәнді және есте қаларлықтай болуы керек;
3. Слайдтағы ақпарат қысқа және қарапайым болғаны жөн;
4.Импортталатын бейне пішімін таңдағанда көрсету құралының мүмкіндіктерін ескеру;
5. Кескіндегі объект фоннан түсі бойынша ерекшеленуі керек;
6. Фотокескінді редакциялау үшін арнайы программаларды қолдану тиімді;
7. Слайдты безендіру үшін кереғар және үйлесімді түстерді таңдау.
Мультимедиялық презентацияға қойылатын талаптар Стилі
- Безендірудің біркелкі стилін сақтау;
- Презентацияның өзінен алаңдататын стильден аулақ болу;
- Көмекші ақпараттар (басқарушы тетіктер) негізгі ақпараттардан (мәтін, суреттер) басым болмауы қажет.
Фоны
- Фоны үшін неғұрлым суық реңдерді таңдау қажет (мысалы, көк немесе жасыл).
- Ала-құла фон болмауы қажет.
Түстерді қолдану
- Бір слайдта үш түстен артық емес түстерді қолдану ұсынылады: біреуі фоны үшін, біреуі тақырыбы үшін, біреуі мәтін үшін.
- Фоны мен мәтін үшін қарама-қарсы түстерді қолданыңыз.
- Сілтемелердің түстеріне ерекше көңіл аударыңыз (қолданғанға дейін және кейін
Мультимедиялық презентацияға қойылатын талаптар Анимациялық тиімділігі
- Ақпаратты слайд арқылы ұсыну үшін компьютерлік анимация мүмкіндігін қолданыңыз.
- Әр түрлі анимациялық тиімділікті асыра қолданудан сақ болу, олар слайдтағы ақпарат мазмұнынан көңілді аудармауы қажет.
Ақпарат мазмұны
- Қысқа сөздер мен сөейлемдер қолданыңыз;
- Сөйлемдерде түрлі қосымшалар, үстеулер, т.б. аз қолданыңыз;
- Тақырыптар тыңдаушылар көңілін аударып, қызықтыратындай болуы қажет.
Ақараттың бетке орналастырылуы
- Ақпараттың көлденеңінен орналасуы құптарлық;
- Аса маңызды ақпарат экранның ортасына орналастырылуы қажет;
- Иллюстрациялардың атауын жазу.
Мультимедиялық презентацияға қойылатын талаптар Ақпарат көлемі
- Бір слайдты өте көлемді ақпаратпен толтырып керек емес: адамдар бір уақытта небары үшеуден артық емес мәліметті, ұғымды, анықтаманы ғана есте сақтай алады;
- Егер, басты, маңызды мәселелер жеке слайдта бір-бірден берілсе, сонда біршама тиімді болады.
Қаріптер:
- Тақырып үшін - 28 кем емес;
- Ақпарат үшін - 24 кем емес;
- Кертіксіз қаріптер алыстан оқуға оңай;
- Бір презентацияда қаріптердің әр түрін араластырмау қажет;
- Ақпаратты ерекшелеу үшін қою түсті, курсив немесе асты сызылған қаріпті қолданған дұрыс;
- Бас әріптерді сақтықпен қолдану (олар кіші әріптерден нашар оқылады);
- Мәтін анық көрініп тұруы қажет.
Слайд түрлері Әр түрлілікті қамтамасыз ету үшін слайдтардың әр түрлерін қолдануға болады:
- мәтінмен;
- кестемен;
- диаграммалармен;
- анимациялармен және т.б.