Сабақ барысында оқушылардың қызығушылықтарын арттыру жолдары


Бастауыш сынып оқушыларының танымдық-қызығушылығын арттырудың жолы ақпараттық технологияларды қолдану



бет8/17
Дата06.01.2022
өлшемі331,35 Kb.
#13268
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
Ғалымжанқызы АЯжан курс

2.3.Бастауыш сынып оқушыларының танымдық-қызығушылығын арттырудың жолы ақпараттық технологияларды қолдану

Қазіргі таңда жас ұрпаққа блім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үдерісіне оңтайландыру мен тиімділгін арттырудың маңызы зор.Өйткені АКТның тиіділігі келешек ұрпақтың жан жақты білім алуына толықтай жағдай жасау.Білім беру үдерісін ақпараттандыру жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы даыта оқыту,дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзее асыра отырып,оқу тәрбие үдерісін көтеруді көздеп отыр.Ақпараттық технологиялар білім беру ісінде ақпараттарды даярлап,оны білім алушыға беру үдерісі.Бұл үдерісті іске асыратын құрал компъютер.Ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыруда АКТны,интернет технологиясын,желілік технолоияны пайдаланудың маңызы зор.Осы арқылы болашақ маман бойында АКТның көмегімен өздігінен ақпарат іздеу,жинақтау,өңдеу,сұрыптау,тасымалдау,сақтау операцияларын жүзее асыру біліктерін қалыптастыру көзделеді.[11]

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты-бәсекеге қабілетті маман дайындау.Мектеп-үйрететін орта,оның жүрегі-мұғалім.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі-педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген,тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған,оқушылардың қызығушылықтарын арттыратын тұлға болуы тиіс.Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі-оқытудың жаңа технологияларын меңгеру.Мултимедияны қолдану-қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды.

Қазіргі таңда АКТны пайдалану оқушылардың қызығушылығын арттыратын бірден-бір құрал болып табылады.Сабақта интерактивті тақта,көрсетілетін презентациялар немесе интернет ресурстарын пайдалана отырып орындалатын тапсырмалар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады,ынтасын оятады.АКТ қолдану оқушылар бойына тек қызығушылық қабілеттерін арттырып қана қоймай,түрлі тапсырмалар орындау кезінде шығармашылыққа жетелейді,ізденгіштік қабілетін жетілдіреді және компьютерлік технологияны барлық пәндерде қолдануға мол мүмкіндік береді.[11]

АКТ қолдану кезінде мұғалімге уақытты үнемдеуге,сол арқылы сабақты бекітуге көбірек мүмкіндік туғызады.Оқушылардың білімін дамыту үшін жаңа ұғым,жаңа үлгі,жаңа тәсілдер керек.Күн сайын өтетін жаттанды кезеңдерден тұратын дәстүрлі сабақтардан оқушыларды жалықтырып,білімге деген ынтасын төмендететінімізге көз жеткізе аламыз.Интербелсенді тақтаның мүмкіндіктері баланы оқытуда бейне және ойын бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.Оны мұғалім оқыту процесінің барлық кезеңдерінде қолдана алады.Бастауыш сынып оқушыларын қызықтыру барысында АКТның көмегі арқылы оқушылардың бойына бейнелі ойлау,салыстыру,жүйелеу,тез ойлауға үйретеді.[3]

Ақпараттық технологиялардың тағы бір түрі-электрондық оқулықтар.Сабақ жүргізудегі мұғалімге таптырмас көмекші құрал.Бастауыш сынып оқушыларына арналған әртүрлі электронды оқулықтар кездеседі.Ондағы бейне роликтер тақырыпқа байланысты түсініктерді көрнекі түрде бейнелеуге тигізетін әсері мол.Әр тақырыпқа арналған тест жұмыстары,деңгейлік тапсырмалар оқушылардың өз білім деңгейлерін бақылауға мүмкіндік береді.

Электронды оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту» болып табылады.

Әр сабаққа арналған бейне көрініс және электронды оқулық сыныпқа сабақ бергенде өте тиімді, мұғалім көп ізденбей дайын сабақтарды өз жұмысында пайдалануға толық мүмкіншілігі бар.Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық, сондықтан әрине, электрондық оқулықтың құрылымы сапалы және жаңа деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық сонымен қатар, оқушының уақытын да үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге көп ықпал етеді.

Оқу материалын бірнеше рет көре алу мүмкіндігі балалардың жеке басының ерекшелігіне сай: біреулеріне өмір бойы есте сақтап қалу үшін бірақ рет қарап шығу жеткілікті, екіншілеріне – материалды бірнеше рет қарап шығу қажет. Бұның барлығы мүмкін, өйткені оқушы электронды оқулықпен жеке жұмыс жасайды.[11]

Ал бұның мұғалімге көмегіне келер болсақ, оқу материалы түгелдей көркемделген. Мұғалімге көрнекі дидактикалық құралдарды даярлау қажет емес.Көркемделуі кәсіби деңгейде орындалған.Электронды оқулықтар дыбысталған, оларда оқушының жауаптары елеусіз қалмайтын шынайы қарым-қатынастың элементтері бар. Оқушы мәтінді оқып қана қоймай, сонымен қатар тапсырмаларды орындай алады және сұрақтарға жауап бере отырып оқу үрдісінің белсенді қатысушысы болады.Тақырыпты меңгермеген балалар болмайды. Олар әр түрлі жағдайға байланысты:

бірнеше сабақты жіберіп алуы;

жаңа материалды тыңдамай, түсінбей қалуы;

бірден ойды түсінбей қалуы, осының барлығы жиналып қала береді.

Электрондық оқулықтар мұндай қарама-қайшылықтарды жоққа шығарады, олар оқушыға оқу материалына жүгінуін қаншалықты қажет етсе, соншалықты мүмкіндік береді.Ол бір тапсырманы,оның ең жақсы нәтижесіне жеткенше орындауы мүмкін.[12]

Электрондық оқулықты қолдану барысында кемшін тұстары да кездеспей қоймайды.Олар:психологиялық-педагогикалық талаптардың,пәнаралық байланыстардың, оқушының жеке ерекшеліктерін, денсаулық жағдайын және оқып үйренудегі мамандық бойынша бағыты ескерілмей қалуы.

Бастауыш сыныптарда электрондық оқулықтарды тиімді пайдалану, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын, дүниежүзілік бәсекеге қабілетті еліміздің білімді-білікті, ой-өрісі кең жас ұрпағы қалыптасатынына сеніміміз мол.[13]

Бастауыш сыныптың сабақтарында АКТ-ның келесі түрлерін  қолдануға болады:[11]


  • Сабақ кезінде жаңа материалды өтуде презентацияны, видео-сабақтарды қолдану;

  • Жаңа сабақты өту кезінде электронды оқулық, интернет материалдарының бірнеше фрагменттерін қолдану;

  • Оқыған материалды бекіту немесе білім мен білікті қолдану сабағында.

түрлі тапсырмаларды орындауда флипчарттарды қолдану;

Әр сабақта компюътерлік технология арқылы барынша толық жұмыс істеу мұғалімнен шеберлікті, іскерлікті, өте жоғары ұйымдастырушылықты қажет етеді. Сабақ кезінде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы оқушының сабаққа деген қызығушылығын, яғни олардың білім, білік, дағдыларын арттырады.

Мысалы: 2-сыныпта «Бөлме өсімдіктері»тақырыбын өткенде слайд-презентацияларды қолдану арқылы оқулықтағы  тақырыпқа  қосымша тарихи мәліметтер, суреттер, қызықты видеоларды  көре отырып, оқушылар түртіп алу әдісімен жұмыс істеді және берілген суреттер арқылы классификациялайды.

2-сыныпта «Түркістан» тақырыбын өткенде, презентацияны пайдалана отырып, тақырыпты жеңіл меңгерді, Түркістан қаласы туралы нақты, қызықты мәліметтерді, презентация арқылы түрлі тапсырмаларды алып, орындай білуге талпынды.Бастауыш сыныптың сабақтарында презентация-слайдтардың көмегімен тапсырмаларды, есептерді тақтада көрсетуге,түрлі мысалдар құрастыруға,пәндік сергіту сәттерін ұйымдастыруға, бақылау, тест жұмыстарын жазған кезде оқушының білімін тексеруге  қолдануға болады.

Презентацияны сабақтарда жиі қолдану сабақтың сапасын елеулі түрде арттыратыны сөзсіз. Ұлы педагог  Ушинский: «Бір рет айтылған әңгіме артынан  қайталануы  керек. Бұл ұмтылғанды еске түсіру емес,қайта ұмытып кетуді болдырмау»деген болатын. Оқыған материалды бекіту немесе білім мен білікті қолдану сабағында түрлі тапсырмаларды орындауда флипчарттарды қолдану оқушылардың интербелсенді тақта мүмкіншілігін пайдалана білу дағдыларын арттырады.[14]

Бастауыш сыныптан бастап сабақтарда флипчарттарды қолдану оқушылардың қызығушылығын тудырады. Ол  қызығушылығын ғана тудырып қоймай, білім қорының толығуына, сондай-ақ ақпараттық сауаттылықтың дамуына мүмкіндік туғызады.[3]

Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес,білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, онлайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт-бағдар беруші – мұғалім болуымыз керек.Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.[15]
2–ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ-ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДА ТӘЖІРИБЕ БАРЫСЫНДА ТИІМДІ ҚОЛДАНУ
2.1.Сабақ барысында оқушылардың қызығушылықтарын арттыру жолдары
Жас ұрпақтың дарыны мен таланттын ашу, танымдық қызығушылығын арттыру, олардың өзіне деген сенімін қалыптастыру, бір сөзбен айтқанда өз жолын - өзі таңдауына түрткі болу - ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы абыройлы борышы.[16]

Ұстаздар қауымының ішінде де сол ұлы істерге бастау беретін, көзін ашатын бастауыш сынып мұғалімдерінің мойынындағы жүк жеңіл жүк емес. Мектеп ережесін мойындатып стандартқа сай білім беріп, танымдық қызығушылықтарын арттырып, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру жолында аянбай еңбек етуде. Зерттеу тақырып бойынша тәжірибе жинақтау барысында ашық сабақтар өткіздім.Онда, біріншіден, әдебиеттік оқу, математика пәнінен білім беруде оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру жолдарын қарастырдым.

Оқу мотивтерінің ішінде көпшілікке танымал түрі – қызығушылықтың өзі де тек оқыту әдісінің бір элементі ретінде аталады. Қызығушылықты қалыптастырудың факторлары сараланбайды. Көп жағдайда жекеленген тілдік фактілерге қызықтыру, пәннен берілетін білімді жеңіл түсіндіруде оқушы зейінін аудару үшін дидактикалық ойындарды ұйымдастыру арқылы қызығу тудыру секілді мәселелерді мұғалімдердің іс – тәжірибесімен танысу үстінде көп ұштасады.

Мен 2 сыныпта оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру мақсатында «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша сабақ жүргіздім.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет