Зерттеудің базасы:264мектеп-лицей
Зерттеудің дерек көздері:ғылыми,мөлшерлік нұсқаулық,құжаттар,педагогикалық психологиялық әдебиеттер,әдістемелік мерзімді басылымдар,интернеттік сайт ресурстары,т.б
І–ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН АРТТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығының педагогикалық негіздері
Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі болып табылады. Сондықтан бастауыш білім – үздіксіз білім берудің басқышы, білім негізінің іргетасы.Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу,оқу,айту,тыңдау қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, кез-келген жағдайды бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге,сыни тұрғысынан ойлауға, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.
Осы орайда егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс – тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс - әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Демек, мектептегі оқыту үрдісі оқушының танымдық қызығушылығын арттырып, шығармашылық әрекеттерін дамытуын жол ашуы қажет.
Философ Д.Кішібеков:”Таным дегеніміз сыртқы заттар мен құбылыстардың, олардың қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнеленуінің қайшылықа толы күрделі процесі,” - деген анықтама берген.
Бұдан шығатын қорытынды, таным барысында, адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білімі кеңейіп, тереңдей түседі, адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәліметі ішкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі шынайы білімге айналады. Олай болса, танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деп есептеуге болады.
Танымды ішкі және сыртқы деп 2 –ге бөліп қарастырған Әл–Фараби: “Әлемдегі заттар мен құбылыстарды сезім арқылы танып білуге негізделген таным – адам танымының сыртқы негізін түзеді,” - дейді. Ал танымның ішкі бөлігін абсалютті таза, киелі рух көрініс алған ақыл – ойдың қызметімен байланыстырады. Адамның өткінші дүниедегі іс -әрекетімен, бағыт – бағдары қасиетті және пайдалы мақсатқа талпынудан тұрады және кей кездерде азаттық жасап, қайырымдылықтан асып та кетіп жатады. Бұл мақсатта адамның өзгелермен қарым – қатынас нәтижесінде ұлыланған ақыл – парасаты өзінің алған таза табиғи күйін сақтап қалғанда ғана жеткізген.[3]
Психологиялық жинақтаған деректерге қарағанда танымдық қажеттілікті қанағаттандыру адамның дұрыс дамуының алғы шарты.
Көптеген зерттеулерде Л.А.Венгер,П.Я.Гальперин,Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Л.В.Занков, Н.А.Менчинская, Н.Ф.Талызина, Л.И.Божович т.б. психолог - ғалымдар нәтижелі зерттеп келді, әрі оқыту мазмұнына психологиялық талдау жасай отырып, сенсорлық дамудағы форма, түс эталондары математиканы оқытудағы түрлі үлгілер мен схемалар өлшемін енгізді.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс - әрекетін қалыптасыру үшін мына мәселелерді ескеру қажет.
1.Сол заттың қасиетін анықтай білуге үйрету.
2.Жалпы ұғымнан жекелеген ұғымдарды түсінуге үйрету.
3.Меңгеріп отырған материалдың негізгі жағдайлары мен жанама жағдайларын анықтауға үйрету.
Қызығу пәнді немесе құбылысты меңеруге байланысты адамның белсенді танымдық бағыттылығы.[4]
Қызығушылық-дүниедегі заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып білуге бағытталған адамның жеке ерекшеліктерінің бір көрінісі.Қызығушылық кезінде адам бір нәрсеге қызығып соған зейін аударады.Өзіне тартып,құмарттыратын нәрсенің бәрі қызығушылықтың обьектісі болып табылады.Қызығушылық-құбылысының табиғаты өте күрделі.Ол,ең алдымен,өзінің көлемі жағынан түрліше болады.Бір адамның қызығушылығы жан жақты кең болып келсе,екінші адамның қызығушылығы таяз,тар болып келеді.Адамның іс-әрекетіне,көзқарасы мен талғамына,мұрат-мүддесіне байланысты қызығушылықтары әртүрлі болады.Адамның қызығушылығы сан алуан болуы мүмкін,осылардың ішінде біреуі басыңқы болады.Мұндай қызығушылық еңбек,оқу әрекетінде өте қажет.Қызығушылық тұрақты қасиетке айналғанда ғана адам өз әрекетінен жақсы нәтиже күтеді.[4]
Қазіргі дидактика, педагогика мен психологиядағы жаңа жетістіктерге сүйене отырып, қызығушылықтың оқушыға білім берудегі, дамытудағы және оның жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға үлкен мүмкіншілік ашып отыр. Оқытудағы қызығушылықтың ерекше түрі – танымдық қызығушылық. Оның саласы танымдық іс - әрекет оқушының оқу пәндерінің мазмұнын және қажетті амалдар мен біліктерді,дағдыларды меңгеруі, осылардың көмегімен оқушы білім алады.
Балалар әрекетінің мотивтері-қызығушылықтар.Негізгі қызығушылықтың тікелей қызығушылыққа айналуын А.НЛеонтьев мотивтің мақсатқа жақындауы деді.
Танымдық қызығушылық оқушыға білім берудің белсенділігі мен дербестігінің даму факторы. Оқытудағы қызығушылық мәселелері, оның маңызы жөнінде көптеген дидакт- педагогтар жазып кетті.
Я.А. Коменский жаңа мектепті білімнің қуаныштың, жарықтың қайнар бұлағы деп қарастырса, қызығушылықты осы жағдайды жасаудың басты жолдарының бірі деп есептеді.[5]
Ж.Ж. Руссо тәрбиеленушінің оны қоршаған заттар мен құбылыстарға тікелей қызығушылығына сүйене отырып, балаға оңтайлы және жағымды оқуды құруға тырысты.
Белгілі ғалымдар М.Беляев, Н.Морозова, С.Рубинштейннің пікірлері бойынша: қызығу әр қырынан алып қарауға болатын күрделі ұғым, адамның белгілі бір обьектіні ұғынып, білуге ұмтылған іс- әрекетін қуаттандыратын психологиялық ерекшелік. Қызығу жаңаны танып –білуге, әрекеттің жаңа әдістерін іздестіруге әкеледі. Танымдық әрекет қажеттілік арқылы жүзеге асады. Олай болса, оқушы оқу пәніне қызығады, кейіннен ол пән оқушының іс - әрекеттің мақсатқа қозғағыш күш – мотивіне айналуы мүмкін. Бұл жөнінде Н.Морозова “Іс- әрекет көздеген мақсатқа жетуге түрткі болады” дейді.
Танымдық қызығушылық болмаса оқуға деген шығармашылық қабілетті дамыту мүмкін емес.
Бірінші сыныпта оқитын оқушылардың танымдық қызығушылығының даму деңгейлері әр түрлі болуы мүмкін. Танымдық қызығушылықтың ең қарапайым деңгейі оқушылардың сабақта естіген жаңа деректерге, қызғылықты құбылыстарға тікелей қызығуы.
Кейбір балаларда танымдық қызығушылық жақсы дамыса, ал кейбірінде нашар көрінеді. Әр сыныпта сабақ үстінде сұрақ қойып, үй тапсырмасын даярлағанда қосымша әдебиеттер оқып, сөздіктер мен анықтамаларды пайдаланып, өте жоғары баға алуға тырысатын балалар болады. Керісінше, ешқашан қолын көтермейтін, енжар, селқос,ғылыми көпшілік көркем әдебиеттерді оқымайтын балалар да болады.
Біз өз жұмысымызда іс -әрекетке жұмыс таңдағанда оқушылардың танымдық қызығушылығын ескере жоспарлаймыз. Дербес жұмысты орындай отырып , оқушы алған білім, біліктілік дағдыларын пайдаланады,ізденеді, шығармашылық, белсенділік әрекет анық көрінеді танымдық жаңа деңгейіне көтеріледі.[6]
Достарыңызбен бөлісу: |