Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебі 2022-2023 оқу жылының қараша айында 5-11 сыныптар арасында қазақстан тарих, құқық. география пәндерінің оқытылуы туралы
Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебі 2022-2023 оқу жылының қараша айында 5-11 сыныптар арасында қазақстан тарих, құқық. география пәндерінің оқытылуы туралы Анықтама Бақылау тақырыбы: Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебі 2022-2023 оқу жылының қараша айында 5-11 сыныптар арасында қазақстан тарих, құқық. география пәндерінің оқытылуы
Бақылау мақсаты: оқушының пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, жан-жақты терең меңгерту, алған білімдерін жүйелей білуге дағдыландыру.
Орындау мерзімі:қараша
Қоғамдық жаратылыстану пән бірлестігінің қазақстан тарих, құқық, география пәнінен 6 мұғалім дәріс береді.
1.Тайшыбеков Жақсылық –жоғары санатты, педагог-зерттеуші. Сабақ беретін сыныптары:6 «а», б», 9«а,б» ,10«б» сағат жүктемесі-16 сағат
2.Баялиева Гүлмира - педагог-сарапшы. Сабақ беретін сыныптары: 5«а,6»
7 «а б», 11сынып, сағат жүктемесі-16 сағат
3.Жаманбаева Айнаш - педагог –сарапшы. Сабақ беретін сыныптары: 5 «а,б»,
8 «а,б» 9 «а,б», 11сынып сағат жүктемесі- 16 сағат
4. Ерболатов Дәурен – педагог модератор. Сабақ беретін сыныптары; 6 «а,б», 10 «а,б», 9 «а,б» 11 сынып сағат жүктемесі- 15 сағат
5. Оразымбетова Айман- санаты жоқ. Сабақ беретін сыныптары ; 5 «а», 9 «б» 10 «а» Сағат жүктемесі – 8 сағат
6. Нұрланов Жомарт – педагог сарапшы. Сабақ беретін сыныптары ; 5 «б», 10 «б». 7 «а.б» . Сағат жүктемесі - 7
5-11 сыныптар арасында қазақстан тарих, құқық, география пәндері бойынша тақырыптық-күнтізбелік жоспарға сәйкес сабақтар уақытылы өткізілді. Оқу бағдарламасынан қалып кеткен тақырыптар болған жоқ. Сабақ үстінде оқушылардың белсенділігі жақсы. І тоқсан көлемінде БЖБ,ТЖБ тапсырмалары уақытылы алынған.
23.11.2022 жылы 7 «Б» сыныбына дүниежүзі тарихына қатыстым, пән мұғалімі Г. Баялиева. Сабақтың тақырыбы: «Напалеон империясы қалай құрылды және құлдырауы» тақырыбына қатыстым.
22.11.2022ж 5 «А» сыныбына қазақстан тарихына қатыстым. Сабақтың тақырыбы: «Ежелгі көшпенділердің материалдық мәдениеті» сабағына қатыстым. 9«А» «Климат қалыптастырушы факторлар», 8 «Б» «Су ресурстарының экологиялық проблемалары», 10сынып бойынша «Ғаламдық геоэкологиялық жағдай». Аудандық олимпиадаға тарих пәнінен 2 оқушы барды, жетекшісі Г. Баялиева. 5 сынып оқушысы Ж. Сәулетбек және 6 сыныптан Б. Мырзабай барды. Аудандық олимпиада бойынша Сәулетбек Ж тарих пәнінен 8 балл, Мырзабай Б тарих пәнінен 5 балл алды. Аудандық олимпиаданың баллы 13 балл. 6 сынып оқушысының аудандық олимпиададан шеткі деңгейге жетпеген. 5 сыныптан «Жаратылыстану» пәні бойынша Орал Сабина аудандық олимиадаға барып, 21 балл алды. Аудандық балл 33. Осы жоғарыда аты аталған оқушылар аудандық олимпиададан орын алған жоқ.
Ұсыныс: 1.Оқушыларды оқыту барысында пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға байланысты әртүрлі байқауларға қатыстыру дұрыс жолға қойылсын.
2.А.Оразымбетованың пән бойынша біліктілігін көтеру курсынан өтуі жолға қойылсын.
3.Оқшыларды бағалауда қалыптастырушы бағалауды дұрыс жолға қою.
4.Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жаңа әдіс-тәсілдерді жетілдіре отырып, оқушылардың өздігінен білім алуын қадағаласын.
Дайындаған: ДОІЖО Г.Меймашева