И.Нұғмановтың қазақ тілінде химия терминологиясы, химия терминдерін оқыту әдістемесі, ғылым тілінің оқыту әрекетіндегі дидактикалық кызметтері.Химиядан қазақша терминдердің қалыптасуы және оқытылуы
Ғалымдардың мектепте химияны оқытудың озат тәжірибелері, еңбектері
Химияны оқыту әдістемесі жөнінде зерттеу жұмыстарының бір тобы аса манызды дидактикалық мәселелерді шешуге бағытталған. 3. П. Петренко — металдармен байланысты оқушылардың өздігінен істейтін жұмыс формаларын салыстыру, О. Хаймолдин — химияны оқыту әрекетінде оқушылардың таным әрекетін жандандыру, А. Мырзабаев — химиядан кластан тыс жұмыстар жүргізумен байланысты оқушылардың практикалық дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыру, М. Д. Жадрина — химияны оқыту әрекетінде оқушылардың оқуға икемділігін дамыту мәселелері бойынша зерттеулер жүргізді. Осы жолдардың авторы қазақ тілінде химия терминологиясының шығуы және дамуы барысын, химия терминдерін оқыту методикасын, кейіннен ғылым тілінің оқыту әрекетіндегі дидактикалық кызметтерін зерттеді. Айтылған ғылыми зерттеулердің нәтижесінде көптеген мақалалар және методикалық құралдар жазылды.
Мектепте химияны оқытудың озат тәжірибелерін жинақтап, көпшілікке таратуда, мұғалімдерге арналған методикалық кеңестер жариялауда бұрынғы ҚСРО Педагогика ғылым академиясының Оқытудың мазмұны мен әдістері ғылыми-зерттеу институты қазақ бөлімшесінің қызметкерлері К. Ә. Сарманова, М. Д. Жадрина, әдіскер М. X. Хасенова едәуір еңбек сіңірді. Олар жетілдірілген бағдарлама бойынша химияны оқытуға арналған бірнеше методикалық құралдар жариялады. Республикалық ғылыми-педагогикалық журнал «Қазақстан мектебі» әдістемелік зерттеулердің нәтижесін және мұғалімдердің тәжірибелерін жариялауға ұдайы назар аударып келеді. Онда химия пәндерінің мұғалімдері Р. Алимов, О. Зырянова, X. Өлкебаеваның, т. б. көптеген құнды мақалалары жарық көрді.
Қорыта келгенде, Қазақстан Республикасында химняны оқыту әдістемесімен жеке мұғалімдер ғана емес, аралық ғылыми ұжымдар шұғылдануда.
.Орта мектеп химиясының өзге пәндермен байланысы. И.Нұғмановтың қазақ тілінде химия терминологиясы, химия терминдерін оқыту әдістемесі, ғылым тілінің оқыту әрекетіндегі дидактикалық кызметтеріХимиядан қазақша терминдердің қалыптасуы және оқытылуы
Жоспары:
1.Химиялық тіл - химияны танудың құралы және әдісі, білім берудің, тәрбиелеудің және оқушылардың маңызды құралы.
2.В.Н. Верховский мен Л. Сморгонскийдің және басқа да ғалымдардың жазған химияның тұрақты оқулықтары
3.Химиядан қазақша терминдердің қалыптасуы және оқытылуы
Достарыңызбен бөлісу: |