Мектепшілік сыныптық бақылау бойынша 5 сыныпқа сабаққа қатысу туралы анықтама
Қазанның 16-20 аралығында 5 сыныпқа директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б. Баракова тарапынан сабаққа қатысу жүмысы жүргізілді. Сабаққа қатысу мақсаты: Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау, мұғалімнің сабақ беру үрдісін бақылау. Уақыттың тығыздылығына байланысты және басқа жұмыспен айналысқанына байланысты өкінішке орай бір аптада 8 сабаққа қатысып, анықтамасы төмендегідей
Қазақ тілі пәнінің пән мұғалімі Бижанова Нургуль Ергазыевна. Сабаққа қатысу күні 16.10.2023 ж Сабақтың тақырыбы «Киім Сән Талғам » Сабақтың мақсаты: Тірек сөздер мен жетекші сөздер арқылы негізгі ойды анықтау,Жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімделуі мен құрылысын сақтап хат жарнама хабарландыру құрастырып жазу болды. Сабақ барысында мұғалімнің үй жұмысын сұраған кезеңінде дайын емес болып келген 3 оқушы анықталды. Бұл 50% құрайды. Жаңа сабақ кезеңінде «Жақсы сөз –жарыс ырыс» сөзінің мағынасын қалай түсінеміз деген сұрақтардан бастап, бір біріне тілек айтумен жалғастырды. Жазылым кезеңінде карточкаларда мақалды жалғастыру жұмысы берілді. Орындауда оқушылардың тілдік қоры жеткіліксіз болды. Дәптермен жұмыс бойынша сөйлем құрастыру болды. Құрастырған сөйлемдері орфоэпиялық нормаға жетпей, мұғалімнің көмегімен орындалды.Орындау барысыныда оқушылардың назарын ҚАРАТПА сөзіне аударылды. Мәтінмен жұмыс барысында оқушылардың оқу техникасын нормадан төмен және еркін оқу дағдыларына аса мән беру керек. Оқыған мәтін бойынша өз ойларын жеткізу мазмұндау оқушыларға қиындық тұғызады. Сабақ дәстурлі форматта өтілді , бағалау жүргізілмеді.Мұғалімге төмендегі ұсыныстар берілді.
Сабақ беру қарқынын жетілдірсе , темп жұмысын күшейтсе.
Оқушылардың жауабына аса мән беріп түзетулер енгізілсе
Ой жеткізу сөйлеу сөйлем құрау дағдыларын жетілдірсе
Жазу каллиграфиясына назар аударылса
Уақытты тиімді пайдаланса
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізілсе
Оқушылардың қазақ тілі пәні бойынша алынған білім сапасының көрсеткіштері:
Оқушының аты жөні
|
Жұмыс түрі
|
бағасы
|
Мауленбай Әділ
|
Диктант «Шие тергенде»
|
2
|
Даулетжан Үміт
|
Диктант «Шие тергенде»
|
2
|
Капас Бекасыл
|
Диктант «Шие тергенде»
|
2
|
Валибай Сырым
|
Диктант «Шие тергенде»
|
4
|
Еспатыр Жанар
|
Диктант «Шие тергенде»
|
2
|
Ерментай Нурасыл
|
Диктант «Шие тергенде»
|
3
|
Жалпы
|
|
16%
|
Ұсыныс :
1. Білім сапасы төмен көрсеткен пән мұғаліміне мектепшілік бұйрықпен ескерту берілсе
Тарих пәнінің мұғалім Кожагулова Мадина Әбілмажиновна . Сабаққа қатысу күні 16.10.2023ж Сабақтың тақырыбы Қазақстанның жартастарға салынған ежелгі суреттер.Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша түсінік беру , жартастарға кандай суреттер салынды және оның мағынасы жайлы түсінік беру. Үй жұмысы бойынша сұрақ жауап арқылы жауаптары алынды. Сабаққа дайын емес келген оқышылардың пайзы 75 құрады. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып, тақырыпты өз бетімен оқуға тапсырма берілді. Тақырып аясында оқушыларға конспект жазуды ұсынды. Сабақ дәстүрлі форматта өтілді. Бағалау 5 бағалық жүйесімен жүргізілді.
Мұғалімге төмендегі ұсыныстар берілді.
1. Мұғалімнің сабақ беру тәсіліне өзгеріс енгізілсе
2. Жаңа тақырып бойынша сабақты түрлендіріп түсіндірсе
3. Тарих пәні бойынша ой жеткізу сөйлеу сөйлем құрау дағдыларын жетілдірсе
Оқушының аты жөні
|
Жұмыс түрі
|
бағасы
|
сапа
|
Мауленбай Әділ
|
тест
|
15/2
|
13,3
|
Даулетжан Үміт
|
тест
|
15/3
|
20
|
Капас Бекасыл
|
тест
|
15/3
|
20
|
Валибай Сырым
|
тест
|
15/8
|
53,3
|
Еспатыр Жанар
|
тест
|
15/3
|
20
|
Ерментай Нурасыл
|
тест
|
15/8
|
53,3
|
Жалпы
|
|
|
29,9
|
Ұсыныс :
1. Білім сапасы төмен көрсеткен пән мұғаліміне мектепшілік бұйрықпен ескерту берілсе
Математика пәні бойынша математика пәнінің мұғалімі Әбдуәлі Меруерт Алмасқызы. Сабаққа қатысу күні 16.10.2023ж . Сабақтың тақырыбы: 2,3,5,9,10 сандарының бөлгіштерінің белгілері.Сабақтың мақсаты Жаңа тақырып аясында түсінік беру.Сабақ барысында мұғалім жаңа тақырыпты түсіндірумен бастады. Түсіндіру барысында мұғалім тақырыпты өзі тақтада жазып көрсетіп отырды. Оқушылар тек көшірумен шектелді. Бекіту кезеңінде тақтаға шыққан оқушылар тақырыпты түсінбей қателер жіберіп жатты. Оқулықтағы мәселе есепті мазмұны талданбады, оқушыларға оны шешу қиындық тұғызды.
Мұғалімге төмендегі ұсыныстар берілді.
1. Жаңа тақырыпты мұғалім оқушылардың өзіне зерттеу арқылы көздерін жеткізіп, нақты шешім қабылданатын дәрежеге жеткізе отырып түсіндіру жұмысы жүргізілсе
2. Оқушылардың тақтаға шыққанда қарапайым есептеу дағдыларын күшейтсе
3. Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігін арттырса
4. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізілсе
Ағылшын тіліпән мұғалімі Адылбекова Жанерке Ержановна. Сабаққа қатысу 16.10.2023ж. Сабақтың тақырыбы «Тірі жануарлар, тірі заттар» сабақтың мақсаты « Тақырып бойынша оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту тілдік қорын байыту» Үй жұмысын 50 пайыздық орындауын көрсетті. Берілген сөзерді хор арқылы қайталатып, еске түсірілді. Жаңа сабақ аясында суреттердің ішіндегі тірі тірі емес заттардың ажыратын оны қайталауды ұсынды. АКТ арқылы жануралар туралы ағылшын тілінде мәліметтер берілді. Берілген мәлімет бойынша түсінгені қазақ тілінде айтылып отырды. Менде бар, менде жок ойын арқылы ұл бала мен қыз балаға тиесілі жаттарды табу арқылы тілдік қорын байыту жұмысы жүргізілді. Сабаққа дайындықсыз, дәптерсіз келген Даулетжан Үміт, Валибай Сырым. Сабақ дәстиүрлі форматта өтті , бағалау жұмыс жүргізілмеді, дайындап келген көрнекілігін қолданбады.
Мұғалімге төмендегі ұсыныстар берілді.
1. Оқушылардың үй жұмысын орындалуын қатаң бақылауға алынса
2. Кинометафора арқылы көрсетілген видеоны оқушыларға толық түсініктеме берілсе.
3. Оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын қосымша сабақтар арқылы дамытса
4. Оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында көптеген әдіс тәсілдерін қолданса
Оқушының аты жөні
|
Жұмыс түрі
|
балл
|
сапасы
|
Мауленбай Әділ
|
Ағылшын тілі тест
|
20/4
|
20
|
Даулетжан Үміт
|
Ағылшын тілі тест
|
20/4
|
20
|
Капас Бекасыл
|
Ағылшын тілі тест
|
20/8
|
40
|
Валибай Сырым
|
Ағылшын тілі тест
|
20/9
|
45
|
Еспатыр Жанар
|
Ағылшын тілі тест
|
20/4
|
20
|
Ерментай Нурасыл
|
Ағылшын тілі тест
|
20/8
|
40
|
Жалпы
|
Ағылшын тілі тест
|
|
30,8
|
Ұсыныс :
1. Білім сапасы төмен көрсеткен пән мұғаліміне мектепшілік бұйрықпен ескерту берілсе
Қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Бижанова Нургуль Ергазыевна Сабаққа қатысу күні 17.10.2023ж . Сабақтың тақырыбы: «Асанқайғының жерге айтқан сыны» Мақсаты: «Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау, эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтай алады.» Сабақ психологиялық ахуалын қалыптастырудан басталды. Үй жұмысына дайындықсыз келген Еспатыр жанар, Валибай Сырым, Капас Бекасыл. 20 пайызды құрап отыр.Сабақтың 20 минуты тақырыпқа байланысты болды, калған 20 минуты БЖБ алынды. Сабақ жоспары бар , алайда жоспарланған жұмыс өтілмеді. БЖБ басқа тақырыппен алыну керек болатын, яғни КТП бойынша тақырыпқа сай емес.
Орыс тілі пәнінің мұғалімі Жекежанова Лязат Конысбаевна. Сабаққа қатысу күні 18.10.2023 ж Сабақтың тақырыбы « Сердце матери» Сабақтың мақсаты: Определять тему работы с текстом, определять типы текста . Үй жұмысын тексеру барысында оқушылардың дайындығы жақсы, фактық қателерді мұғалім тарапынан түзетіліп жатты. Аквариум әдісі бойынша тасбақаларды ереже айту арқылы орнына қою жұмысы жасалды. Жағңа сабақ көпір арқылы тақырыптың аты ашып, мәтін мұғалім тарапынан оқылды. Сөздік жұмысы жүргізілді. Сурақ жауап арқылы синоним антоним омоним сөздерді тауып түсінік беріліп жатты. Мәтіннің жанры бойынша мұғалімнің түсініктемесі жүргізілді. Сабақ барысында өзі әзірлеген көрнекілік пайдаланды. Сабаққа оқушылардың белсенділігі жоғары, тәрбиелік мәні жүзеге асырылды. Қалыптастырушы бағалау өз деңгейінде жүргізілді. Жиынтық бағалу бойынша 10 балдық жүйемен өтті.
Ағылшын тілі пәнінен 2 сабаққа 18.10.2023 ж Өсімдіктер тақырыбында өтті. Сабақтың мақсаты: Мәтінмен жұмыс жасау барысында оқушылардың тілдік қорын молайту мақсатында оқылым жазылым дағдыларын жетілдіру. Сабақты үй жұмысын тексерумен бастады. Оқушылардың дайындығы орта деңгейінде. Өзіндік жекеленген жұмысы бойынша бөлмелер суреті бар көрнекіліктер берілді. Тапсырмасы сурет астындағы сөздердің көп нүктенің орнына әріп қойып сөз жасау болды. Мәтінмен жұмыс кезеңінде ағылшын тілінде оқу дағдылары өте төмен, аудару жұмысы мұғалімнің көмегімен жүргізілді. Сөздік дәптерлерге жазу жұмысы орын алды. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізіген жоқ. Сабақтың тәрбиелік мәні жүзеге асырылмады. Сабақтың тақырыбы жайлы түсінік берілмеді. Қалыптастырушы жиынтық бағалау жүргізілмеді.
Математика пәні бойынша екінші сабағына 18,10,2023 күні қатыстым . Сабақтың тақырыбы «Дәреже» болды. Сабақ мақсаты: Натурал санды дәреже түрінде және негізі бойынша дәреже көсеткішін табуды орындай алады. Сабақтың басын карточка арқылы үй жұмысын тексеріп шықты. Тақтамен жұмыс сәйкестендіру жұмысы тақтада орындалды. Жаңа сабақ сандарды дәрежемен оқытудан бастады. Жекеленген жұмыс барысында оқушыларға тапсырмалар беріліп, сандардың дәрежесін тап ұсынылды. Келесі жұмыс «ИЯ», «ЖОҚ» жауабы арқылы дұрыс бұрысын табу ұсынылды. Топтық жұмыс барысында 1-5 тапсырма -1 топқа, 6-11 тапсырма-2 топқа берілді. Өзара жарысу ұйымдастырылды. Осы жұмыстар барсыныда әр оқу өзін бағалап отырды. Қосымша тапсырма ретінде логикалық тапсырма берілді, оған оқушылар топтық зерттеушілік әңгіме арқылы шешуін тауып жатты. Тақтамен жұмыс өз орнымен болды. №198,199 тапсырмалар арқылы дәреже бойынша түсініктерін жерткізіп жатты. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізілмеді, , қалыптастырушы бағалау , жиынтық бағалау өтті. Сабақтың тәрбиелік мәні өз деңгейінде өтілмеді.
Мұғалімге берілген ұсыныс:
Үлгерімі төмен оқушыларға деңгейіне сай тапсырмалар берілсе
Сабақтың тақырыбына байланысты ережесіне аса мән берілсе.
Оқушының аты жөні
|
Жұмыс түрі
|
|
сапасы
|
Мауленбай Әділ
|
Бақылау жұмысы
|
5/3
|
60
|
Даулетжан Үміт
|
Бақылау жұмысы
|
5/0
|
0
|
Капас Бекасыл
|
Бақылау жұмысы
|
5/0
|
0
|
Валибай Сырым
|
Бақылау жұмысы
|
5/3
|
60
|
Еспатыр Жанар
|
Бақылау жұмысы
|
5/0
|
0
|
Ерментай Нурасыл
|
Бақылау жұмысы
|
5/4
|
80
|
Жалпы
|
|
|
33,3
|
1. Білім сапасы төмен көрсеткен пән мұғаліміне мектепшілік бұйрықпен ескерту берілсе
Сонымен қорыта келе 5 сынып оқушыларының үй жұмысын жасау дағдылары қалыптаспаған. Ата ана тарапынан бақылау өте төмен деңгейінде. Сонымен қатар мұғалімнің сабақ беру тәсілі дәстүрлі форматта өтеді. Сабақ барысында жаңартылған бағдарлама сәйкес жүргізілмейді. Оқушылардың сабақ оқу ынтасы өте төмен, себебі сабақ бір сарынды өзгеріссіз өтеді. Дайындықсыз келген мұғалім осы оқушылардан қалай үй жұмысын сұрайды деген сұрақ туындайды.Оқушыны кінәлағанша бір сәт өздеріміздің сабақ беру тәсіліне, сөйлеу қабілетімізге , оқушының жан дүниесін түсіну мүмкіндігімізге, оқушылардың көзкарастарын аса мән беру қажет деп есептеймін. Қарапайым жазу үлгісі, қарапайым есептеу дағдысы, мәтін мазмұнын ашу, сөйлеу қабілетіліктері бастауыш сыныптан олқылық алып келгені де ашық айтуға болады. Жазу каллиграфиясы, оқу жылдамдылығы осы кезеңде қалыптасу қажет еді. Болашақта осы оқушылардың білім деңгейін көтеру әр пән мұғалімге үлкен еңбекті талап ететін жұмыс күтіп тур деп өз баяндамамды аяқтаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |