Жиынтық бағалауды өткізу
Тоқсандық жиынтық бағалау бақылау жұмысы ретінде берілген,
сондықтан бақылау жұмысы өтерге дейін материалдар оқушылардан қатаң
құпия түрінде сақталғаны жөн. Олар жабық шкафта, оқушылар көре
алмайтын жерде сақталуы тиіс. Тапсырмалар белгілі бір қызметкерлер кіруге
ғана мүмкіндігі бар анықталған жерде сақталады.
Жиынтық бағадауды негізінен мұғалімдер өткізеді, оқушылар
жұмыстарын жазғанда, кабинетте тек бір мұғалім болуы мүмкін.
Мүмкіндігінше, кез келген бос мұғалім жиынтық бағалауды өткізуде
мұғалімге көмектесуі қажет, яғни көмекші бақылаушы рөлін атқарады және
ол бас-бақылаушы мұғалімнен нұсқаулық алады. Жиынтық бағалау өткізу
кезінде мұғалімдер және басқа бақылаушылар бағалауды тиісті деңгейде
және тәртіппен өткізуді мұқият бақылаулары қажет, басқа іс әрекет
жасамаулары өте маңызды (мысалы, дәптер тексеру, ноутбукте жұмыс
жасау). Бағалау кезінде барлық мұғалімдер мен қатысқан бақылаушылар
шапшаң және зейін қоятын мұғалімдер болуы керек.
Жиынтық бағалау өткізілетін кабинеттерді, мұғалімнің алдын-ала
дайындап қоюы қажет. Бұл кабинеттер оқушылардың күнделікті сабақ өтетін
кабинет болуы және қоршаған орта оқушыға таныс болуы керек. Бағалауға
кабинетті дайындағанда келесілерге назар аудару қажет:
оқушылардың қалай отыратыны, олар жеке, шусыз жұмыс
жасайтыны туралы ойлау қажет;
оқушылар бір-бірден, тақта жаққа қарап, басқа оқушылардың
жұмыстарына қарай алмайтындай болып отырулары керек. Екі партаның
арасы егер оқушылардан сұрақ және мәселе туындаса, мұғалім мен
бақылаушылар оңай өте алатындай болуы керек;
негізгі нұсқаулықтар мен уақытты көрсетіп жазатын тақта немесе
флипчарт оқушылардың алдында тұруы керек;
оқушы тапсырма орындаған кезінде көмек беретіндей кез келген
көмекші құралды немесе плакатты қабырғадан жауып қою немесе алып
тастау қажет.
Тоқсандық жиынтық өткізер алдында мұғалім оқушылардың
тапсырманы орындауға көмектесетіндей заттарды әкелмегендеріне көз
жеткізуі керек. Оқушылар өздерімен тек нұсқаулықтың ішінде жазылған
заттарды, құралдарды немесе материалдарды алып келуіне болады. Тыйым
салынған заттарды әкелу ережені бұзу болып есептелінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |