Тоқсандық жиынтық бағалаудың нәтижелерін талдау
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары балл қою кестесімен
сәйкестендіріле жасалады. Жиынтық бағалау өткізілген соң мұғалім балл қою
кестесін қолданып балл қояды.
Мұғалім барлық жауап үшін балл қойылып, нәтижелердің дұрыс
жазылғанына көз жеткізеді.
Мұғаліммен бірге оқушы да бағалау нәтижелерін оқу барысындағы оқу
жетістіктеріне жетуде қаншалықты алға ілгерілегендігін анықтау үшін
қолдана алады. Оқу нәтижелері мен кері байланыс әрекетінің оқушыны үнемі
оқуға ынталандырып, алға жетелеп отыруы маңызды, сондықтан ол оқушыға
түсінікті тілде, оның дұрыс қорытынды шығаруына мүмкіндік беретіндей
болуы қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін мұғалім оқушылардың оқу
бағдарламасының мазмұнын қаншалықты тиімді игергендігін және қандай
дағдылардың қалыптасқанын анықтау үшін қолдана алады. Қалыптастырушы
бағалаудағы сияқты мұғалім бұл ақпаратты оқыту үдерісін ары қарай
жоспарлауында қолдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |