Қалыптастырушы бағалаудың нәтижелерін талдау
Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастырудың маңызды кезеңі
оқушылардың жұмыстарының нәтижелерін талдау болып табылады. Ол
оқушының алдында тұрған өзекті мәселелерді айқындап, оларды шешу
жолында қандай іс-әрекет қажет екендігін көрсетеді. Мұғалімге бағалау
нәтижелеріне/оқыту барысындағы байқауларына талдау жасап отыруы
ұсынылады. Тексерілген жұмысты талдау төмендегілерді қамтиды:
тапсырма қиындық тудыратын оқушылар тобын анықтау;
бөлім, тақырыпты оқуда қиындық тындаған оқушыларды анықтау;
оқушылар үшін ең ауыр және мәселелелер тудыратын сұрақтарды
анықтау.
Сыныптағы барлық оқушылардың жұмыстарына талдау жүргізуі
арқылы мұғалім бөлім мен бөлімше, тақырыпты оқу барысында оқушылардың
жақсы көрсете білген тақырыптары мен оларды ары қарай жақсарту үшін неге
басым назар аудару қажет екендігін анықтайды.
Мысалы, оқушылар үш сұрақ негізінде құрастырылған тапсырманы
орындау барысында, барлық оқушылардың біркелкі екінші сұраққа жауап
бере алмағанын байқаса, мұғалім екінші сұрақты қайтадан қарап, түзетуі
қажет.
Талдау нәтижелерін қоладана отыра, мұғалім оқушымен кері байланыс
әрекетін ұйымдастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |