Жұмысты орындау реті:
13- суретте ЭКГ II тармақ үшін тiстерiнiң биiктiгiн және интервал ұзақтығын өлшеу көрсетілген.
h
13 -сурет. ЭКГ- ның көрiнiсi.
ЭКГ-нiң әр тiсiне сәйкес келетiн потенциалдар айырымын U=h/S формуласы арқылы анықтау керек. Мұндағы: h - ЭКГ тiсiнiң биiктiгi, S - калибровтiк импульстiң биіктігі. Өлшеу және есептеу нәтижелерiн 1-кестеге енгiз.
ЭКГ-нiң уақыттық (t) интервалдарының ұзақтығын өлшеу үшiн ЭКГ-нiң тiстерiнiң ара қашықтығын L өлшеп, (2-сурет), оны таспаның жазу жылдамдығы v бөлу керек, яғни t = L/v.
Пациент жүрек соғуының жиiлiгiн n=60/t(R-R) анықтау керек.
Өлшеу және есептеу нәтежиелерiн 2-кестеге енгiзу керек.
1-кесте. 2-кесте.
ЭКГ тістерінің шартты белгісі
|
Калибр потенциал
S, мм/мВ
|
h, мм
|
U,
мв
|
|
Аралық интервал. шарт.белгісі
|
v
мм/с
|
L,
мм
|
t,
cек
|
n,
мин-1
|
R
P
S
T
|
|
|
|
|
R-R
P-Q
Q-R-S
S-T
Q-T
|
|
|
|
|
5 сабақ. ҚАН АҒЫСЫ. ГЕМОДИНАМИКА
Сабақ жоспары:
Сұйық ағысынының физикалық заңдылықтары: тұтқырлық, Ньютон заңы, ламинарлы және турбулентті ағыс.
Қан тұтқырлығының кейбір медициналық іс шараларға әсері.
Сұйық ағысының сызықтық және көлемдік жылдамдығы, сұйық ағысының үздіксіздік шарты.
Пуазейль формуласы.
Қаннның реологиялық қасиеттері.
Қанның тамырлар жүйесі арқылы ағуы. «Тиын бағаналары»
Пульстік толқын.
Қан қысымын өлшеу әдістері: Коротков әдісі, тәуліктік мониторинг.
Сұйық тұтқырлығын өлшеу әдістері. Вискозиметрия.
Есеп шығару үлгілері.
Сабақ мақсаты: сұйық ағысының негізгі заңдылықтарымен танысу және оны қан ағысына қолдану. Қанның тамырлар бойымен ағу ерекшеліктерін талдау. Қан қысымын өлшеу әдістерін қарастыру.
Жүрек- қан тамарлар жүйесі адам ағзасында қанның түйық жүйе бойымен үнемі ағуын қамтамасыз етеді. Осы арқылы жасушалардың қалыпты жұмыс істеуін, яғни оларға қажетті заттарды жеткізуге және сыртқы ортаға қажетсіз заттарды шығаруға мүмкіндік береді. Жүрек қан тамырлар жүйесіндегі қан айналысын сипаттау үшін қан қысымы мен оның жылдамдығы арасындағы, бұл шамалардың қан тамырларының түрлері мен қан құрамына, жүйенің жүрек жұмысына тәуелділігін білу қажет.
Сұйықтың қозғалысы мен онда байқалатын құбылыстарды гидродинамика зерттейді, ал гидродинамиканың заңдылықтарын жүрек- қан тамырлар жүйесіндегі қан айнасысына зерттеуге қолданатын биофизиканың бөлімін гемодинамика деп атайды. Шын мәнінде қан ағасы гидродинамика қарастыратын сұйықтан өзгеше. Қан ағатын түтіктердің қабырғалары серпімді және олар көптеген тармақтарға бөлініп кетеді, ал гидродинамикада болса қабарғалары серпімсіз, темір түтіктермен ағатын жағдайларды қарастырады, оның үстіне жүректің жұмысын қарапайым насоспен салыстыруға тіптен болмайды. Осы жағдайлар жүрек қан тамырлар жүйесін физика- математикалық жолдармен толық сипаттауға болмайтындығын көретеді, сондықтан биофизика қан айналысының тек қарапайым түрлерін қарастырады.
Енді сұйық ағысының кейбір заңдылықтары мен түсініктерін қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: |