Сабақ. Биологиялық мембранының ҚҰрылысы және оның Қызметі. ЖАСАНДЫ Биологиялық мембрана. Сабақ жоспары Биологиялық физика пәні және оның басқа ғылымдармен байланысы



бет25/53
Дата16.12.2022
өлшемі11,48 Mb.
#57647
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   53
Аудиометрия. Адам құлағының есту қабілетін зерттеудің тағы бір әдісі- аудиометрия деп аталады. Аудиометрия деп оң және сол құлақтың түрлі жиіліктегі дыбыстарды естуін зерттеу арқылы, құлақ сезгіштігін анықтауды атайды. Мұндай зерттеу арнаулы электрондық құралы - аудиометр арқылы жүргізіледі. Аудиометриялық зерттеу бірнеше түрге бөлінеді, олар дыбыстық, тоналдық және компьютерлік деп аталады. Төменде 17 суретте аудиометр (а) және тимпаномтер (б) құралдарының сыртқы көрінісі берілген.



а) Аудиометр MAICO MI 24 б) Тимпанометр АИ-02
17 сурет

Аудиометриялық зерттеу нәтижесінде график түзеледі, оны аудиограмма деп атайды. Мұндай графиктің горизонталь осіне дыбыстың жиілігі салынады, ал вертикаль осіне әр жиілікке сәйкес құлақтың дыбысты сезгіштігі көрсетіледі. Көбіне зерттеуге 120 Гц тен 8000 Гц аралығында дыбыс толқындары алынады.


Аудиограммалық зерттеу былайша жүргізіледі, алдымен пациенттің оң құлағына 120-8000 Гц аралығындағы дыбыстар біртіндеп беріледі және оның қаттылығын біртіндеп, пациенттің құлағы естіменге дейін төмендетеді, құлақтағы дыбыстың жоғалған мезгілін пациент хабарлайды, соған сәйкес сурдолог- дәрігер графикке тиісті белгі салады. Тура осындай іс- әрекет сол құлақпен де жүргізіледі.
Әр құлақ үшін аудиограмма жеке жеке сызылады және олардың түсі әр түрлі . Оң құлақ диаграммасы AD деп белгілейді, ал сол құлақ үшін AS деп белгіленеді(18- сурет). Егер құлақтың есту қабілеті қалыпты күйде болса, онда графиктегі қисық сызықтар жазық түрде және 20 дБ деңгейінде болады(18 сурет)




















































































































































































































18 сурет. Қалыпты күйдегі оң және сол құлақ аудиограммасы

7 сабақ. БҰЛШЫҚ ЕТ БИОФИЗИКАСЫ


Сабақ жоспары


  1. Бұлшық ет түрлері.

  2. Бұлшықет талшықтарының құрылысы.

  3. Бұлшық еттің жиырылуы және оның түрлері.

  4. Бұлшық еттің жиырылу жылдамдығы мен қуат күші.

  5. Хилл теңдеуі. Теңдеуге енген шамалар, олардың мағынасы.

  6. Адам биомеханикасы.

  7. Эргометрия туралы түсінік.



Сабақ мақсаты: Бұлшық еттердің молекулярлық құрылымы мен жиырылуы, талшықтарының қызметтік негізінде жататын физикалық және механикалық заңдылықтар туралы түсіндіру.

Бұлшық еттер тірек қимыл аппараттарының негізгі бөлігі. Бұлшық еттің жұмысы оның жиырылғыштық қасиетінде. Бұлшық ет жұмысы жүйке жүйесімен реттеледі. Егер бұлшық еттер жиырылған кезде дене, бірорыннан екінші орынға ауысса динамикалық, ал егер бұлшық ет жиырылғанда, дене қозғалыссыз қалса-статикалық жұмыс деп атайды. Бұлшық еттер пішініне қарай әр түрлі қызмет атқарады. Оларың күші көлденең қимасына яғни ет талшықтарының санына олардың қалыңдығына байланысты өтеді.


Адам денесіндегі бұлшық еттер: біріңғай салалы, қаңқа және жүрек бұлшық еттерінен тұрады. Біріңғай салалы еттер ішкі мүшелердің тамырлардың және терінің құрамында, ішектердің, зәр шығару жүйелерінде кездеседі. Бұл ұлпа жалпы еріксіз жиырылып, биологиялық сұйықтықтардың ішкі мүшелердің толқынды қимылын, қан тамырларының кеңейіп таралуын қамтамасыз етеді. Еріксіз жиырылатын еттерге жүрек бұлшық еті де жатады. Бірыңғай салалы бұлшық еттің функциональды өлшемі-миоцит тобы, бірыңғай салалы ет ұлпаның құрылыстық бірлігі болып миоцит клеткалары, ал қызметтік бірлігі болып миоцит тобы саналады. Миоцит дәнекер ұлпадан қоршалған олар жүйке талшықтарынан нервтеліп, ол жерде жүйкелер қозуы бір жасушадан екінші жасушаға жасушааралық тиіспемен беріледі. Миоциттер жіңішке актин, жуан миозин және аралық филаменттерден тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет