Сабақ. Биологиялық мембранының ҚҰрылысы және оның Қызметі. ЖАСАНДЫ Биологиялық мембрана. Сабақ жоспары Биологиялық физика пәні және оның басқа ғылымдармен байланысы



бет43/53
Дата16.12.2022
өлшемі11,48 Mb.
#57647
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   53
Есептерді шығару үлгісі
1. Массасы 200 г ұлпа 0,05102 секунд ішінде энергиясы 2 Дж болатын қанша фотон жұтады, егер иондаушы сәуле қуаты 20 Гр/с тең болса.
Шешуі: Доза қуаты өрнегінен жұтылу дозасының шамасын анықтаймыз: D = ND  t = 20 Гр/с  0,05102 с = 100 Гр. Осы анықталған шаманы пайдаланып жұтылған толық энергияны таабамыз: E= Dm = 100 Гр  0,2 кг = 20 Дж. Жұтылған фотондар санын толық энергияның әр фотон энергиясына қатынасы арқылы табамыз: n = 20 Дж/2 Дж = 10 фотон.
Жауабы n =10 фотон.
2. Дозасы 200 рад γ- сәулесі қоянның көзінде катаркaты тудыра алды, ал дозасы 20 рад жылдам нейтронның әсері осындай. Осы мәліметтерді пайдаланып, жылдам нейтрон үшін сапа коэфициентін анықта.
Шешуі: γ- сәулесі мен жылдам нейтрон үшін эквиваленті доза өрнегін жазайық. Ол өрнек γ- сәулесі үшін мына түрде жазылады: H = 1∙D1, өйткені k =1, ал жылдам нейтрон үшін H = k ∙D2. Мұнан k = D1/D2 = 200/20 = 10. Жауабы k=10

12 сабақ. РЕНТГЕН СӘУЛЕСІ. РЕНТГЕН АППАРАТЫ ЖӘНЕ ОНЫ МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНУ




Сабақ жоспары

  1. Рентген сәулесі және оның қасиеттері.

  2. Рентген сәулесінің көздері.

  3. Тежеулік рентген сәулесін алу.

  4. Сипаттамалық рентген сәулесін алу. Мозли заңы.

  5. Рентген сәулесінің заттармен әрекеті. Әлсіздену заңы.

  6. Рентген сәулесін медицинада қолдаудың физикалық негіздері.

  7. Рентген аппаратының блок схемасы.

  8. Есеп шығару үлгілері.



Сабақ мақсаты: рентген сәулесін (РС) алудың жолдарымен, РС заттармен өз ара әрекеттесуі нәтижесін және оны сипаттайтын санды шамалармен, медицинада қолдану әдістерімен танысу, оқып үйрену.


Рентген сәулесі және оның қасиеттері
1895 ж. неміс ғалымы К.Рентген сол кезге дейін табиғаты белгісіз болған сәулені ашты және оны Х- сәулесі деп атады, кейін бұл сәуле рентген сәулесі деп аталатын болды. Рентген сәулесі деп толқын ұзындығы 80 -10-5 нм аралығында жатқан, электромагниттік шкала бойынша ультракүлгін және гамма сәулесі аралығына сәйкес келетін электромагниттік толқынды атаймыз.
Рентген сәулесінің басты ерекшеліктері: өтімділігі өте жоғары, кей заттарда сәулелендіру тудыру, фотопленкаларды қарайту, тірі ағзалардың атамдарын иондау тәрізді биофизикалық әсер тудыру және т.б. Осындай әсерлерінің арқасында рентген сәулесі рентгенскопияда, рентгенграфияда, рентгентерапияда қолданысқа ие болды.
Рентген сәулесінің толқын ұзындығы азайған сайын оның заттарға терең ену қабілеті төмендейді. Заттар арқылы өткен рентген сәулесі ортада жұтылады немесе ондан шашырайды, бұл құбылыс ортаның тығыздығына тікелей байланысты болады. Сондықтан рентген сәулесінің жұтылуы металдарда өте жоғары, сүйектерде орташа, ал жұмсақ тінде төмен, ал өкпеде тіптен аз, яғни ортаның тығыздығы төмендеген сайын сәуленің ортада жұтылыуы да төмендей бастайды. Денеде жұтылған немесе шашыраған рентген сәулесі орта атомдарымен әсерлесіп, соның нәтижесінде атомның электронын босатып, атомды ионға айналдырады екен, осы қабілеті оны терапиялық мақсатта қолдауға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет