§ 1.3 Биологиялық мембрананың физикалық қасиеттері Тығыздығы. Фосфолипид биқабатының тығыздығ 800 кг/м3 тең, бұл судың тығыздығынан кем.
Өлшемі. Электрондық микроскопиялық талдау нәтижесінде мембрана қалыңдығы 4 нм ден 13 нм дейінгі аралықта болатындығы және жасуша мембраналардың қалыңдығы олардың түрлеріне байланысты болып келетіндігі анықталды.
Мықтылығы. Мембрананың сыртқы әсерлерге (үзілу, созылу,бұзылу) төзімдігілі төмен. Мысалы, мембрана ішіндегі қысым 100 Па болғанда мембрана құрылымы бұзылады. Тірі жасуша осмостық қысымға төтеп беру үшін мембранасын созбайды, ол өз пішінін (формасын) өзгерту арқылы төтеп береді.
Деформациялануы.Жасуша мембранасының деформациялануы мен иілгіштігі жеңіл, ал оның серпімділік модуль 0,45 Па тең.
Тұтқырлығы. Мембараның липид қабатының тұтқырлығы 30-100 мП×с, яғни өсімдік майының тұтқырлығына жақын.
Беттік керілуі 0,03-3 мН/м аралығында жатыр, бұл сумен салыстырғанда 2-3 есе кем.
Өткізгіштігі. Биомембрананың суды өткізу көрсеткіші 25-3310-4 см/с аралығында.
Электр сиымдылығы. 1 см2 мембрана қабатының электрлік сиымдылығы 0,5 -1,3 мкФ аралығында, ал мембрана қабатындағы электр өрісінің кернеулігі Е =20×106 В/м. Мембрананың фосфолипид аймағының диэлектрлік өтімділігі e = 2,0-2,2 тең болса, оның гидрофильді аймағының диэлектрлік өтімділігі e = 10-20 тең.
Электрлік кедергісі. 1 см2 мембрананың бетінің кедергісі 102 – 105 Ом/см2, ол жасушаның сыртқы немесе ішкі орталарымен салыстырғанда ондаған миллион есе көп. Мембананың электро оқшаулау (электроизоляциялау) қасиеті техникалық изолятордан әлде қайда көп жоғары.
§ 1.4 Мембрананың фазалық күй. Бір қалыпты физиологиялық жағдайда, яғни температура адам денесінің температурасына тең, рН және иондар концентрациясы тұрақты болғанда биологиялық мембрана қабаты «сұйық кристаллды» күйде болады. «Сұйық кристалл» күй деп құрылымда сұйыққа да (құрылым бөлшектері ретсіз, хаосты қозғалыста), кристаллға да (құрылым бөлшектері кеңістікте реттелген күйде) тән қасиет бір мезгілде кездесетін күйді атаймыз.
Температура төмендегенде биомембрананың фосфолипидтік қабаты өз құрылымын сақтай отырып қатты кристалл күйге көшеді. Мембрана қабатындағы фосфолипид молекулаларының тығыздығы оның күйіне тікелей тәуелді, мысалы, лецитин молекуласы қатты кристалл күйде 0,46-0,48 нм2аймақты алса, оның сұйық кристалл күйдегі алатын аймағы 0,6-0,8 нм2 тең, мұнан мембрана қабатының өлшемдері (көлемі, ауданы, қалыңдығы т.б.) оның фазалық күйін тікелей тәуелді деген қорытынды жасауға болады. Фосфолипид молекуласының құйрығындағы қанықпаған май қышқылдарындағы қос байланыс көп болған сайын, қатты кристалл күйге ауысу температурасы да төмендейді.
Сұйық кристаллды биомембрана құрылымы температура өзгерісіне өте сезімтал. Температура төмендегенде мембрана сұйық кристалл күйден гель тәрізді күйге ауысады. Бұл кезде мембрана өзінің толық құрылымын сақтайды, фосфолипид құйрышқалары түзуленіп, бір біріне параллель орналасады және олардың тербелісі шектеледі. Сұйық кристалл күйде бір липид молекуласы алып жатқан аудан 0,58 нм2 болса, гель күйде бұл шама 0,48 нм2 дейін төмендейді, яғни мембрана көлемі азаяды, оның есесіне мембрана қабаты қалыңдайды(9- сурет)
9- сурет
Биомембрана кабатының сұйық кристалл күйден гель күйге көшуі кезінде биқабатта радиусы 1-3 нм болатын порлар(саңлау) пайда болады. Бұл порлар арқылы иондар мен төменгі молекулалы қосылыстағы заттар тасымалданады, яғни фазалық өзгеріс мембранының иондық өткізгіштігін жоғарылатады. Мұндай қасиеттің арқасында, яғни дене температурасының төмендеуі кезінде мембраналардың зақымдалуы болмайды, өйткені су және тұздардың мембрана арқылы өтуі жоғарылап, олардың жасуша ішінде кристаллдануына жол берілмейді, бірақ мұндай күйде липид молекулаларының қозғалғыштығы төмендейді.
Мембрана қабатында ақуыздар көп, олардың көптігінің әсерінен мембрананың беттік керілу көрсеткіші «липид-су» шекарасындағы көрсеткіштен «ақуыз-су» шекарасындағы көрсеткішіне жақын. Мембаралық ақуыздардың концентрациясы жасуша түріне байланысты өзгеріп отырады, мысалы, аксонның миелинді қабатындағы ақуыз липидтерден 2,5 есе аз, ал эритроцит мембранасындағы ақуыз саны керісінше липидтен 2,5 көп.
Ақуыздар мембрана қабытында әр түрлі орналасқан, бірі мембрана бетіне жабысып тұрса, бірі оны тесіп өтеді. Мембрана бетіне жабысып орналасқан ақуыздарды перифериялық, ал оны тесіп өткендерін интегралдық ақуыздар беп атайды.
Интегралды ақуыздар липиттер тәрізді, мембрана қабытындағы бөлігі a-спираль түрінде ширатылған түрде болып келетін гиброфобты қасиеті бар, аминоқышқылдарынан тұрады, ал мембрана қабатынан сыртқа шыққан бөлігі гидрофильді қасиетке ие және аминоқышқылдарынан тұрады. Бұл ақуыздар мембрана қабытына гидрофильді әсерлесу нәтижесінде пайда болатын күштер арқылы ұсталып тұр. Кейбір интегралды ақуыздардың мембранадан сыртқа шыққан бөлігіне көмірсулар жабысып тұрады, мұндай комплекстерді гликопротеин деп атайды, олар рецепторлық қызмет атқарады және ақзаның иммундық реакцияларында маңызды роль бар. Мысал ретінде мембрана қабатын 7 рет тесіп өткен бактериородоспинді атауға болады, ол ақуызға фоторецепторлық қабілет береді, ал эритоцит ақуызы - гликофорин қан тобын анықтайтын гликопротейнге жатады. Көптеген интегралды ақуыздар мембрана қабатында канал ролін атқарады, мұндай каналдардың ішкі бетінде гидрофильді аминқышқылының радикалыдары орналасады, олар арқылы суда еритін молекулалар мен иондар өтеді.
Перифериялық ақуыздар мембрананың сыртқы бетіне де, ішкі бетіне де орналаса алады. Бұл ақуыздар мембрана қабытына электростатикалық әсерлесу нәтижесінде пайда болатын күштер арқылы ұсталып тұр, бұл күштер интегралды ақуыздарды ұстайтын күшпен салыстырғанда әлде қайда төмен, сондықтан перифериялық ақуыздарды мембрана бетінен жұлып алу жеңіл. Ал интегралдық ақуыздар мембрана қабатындағы липидтердің көмірсутегі тізбегімен Ван-дер Ваальс күші арқылы әсерлеседі және бұл әсерлесу күшінің үлкен болуы себепті интегралды ақуызды бөліп алу тек липид қабатын бұзу нәтижесінде қол жеткізуге болады.
Мембрана құрамындағы липидтер мен ақуыздар қозғалғыш келеді, егер молекула қозғалысы мембрананың бір қабатында орын алса, ондай қозғалысты – латериалды диффузия деп атайды, егер молекула мембрананың бір қабытынан екінші қабаттына орын ауыстырса, оны флип-флоп орын ауыстыру деп атайды.
Латериалды диффузия кезіндегі молекуланың бір орыннан екінші орынға ауысу жиілігі мынаған тең:
,
мұндағы D – латериалды диффузия коэффициенті, A- мембрана бетіндегі бір молекула алып жақтан бет ауданы.
Молекуланың бір орындағы «тұрғылықты өмір ұзақтығы» оның орын ауыстыру жиілігіне кері пропорционал болады:
,
Молекуланың t уақыт мерзіміндегі орташа квадраттық орын ауыстыруы мына өрнекпен анықталынады:
=,
Липидтердің диффузия коэффиценті өте жоғары. Мысалы, 400С температура кезіндегі ретикулум саркоплазмасының липидтері үшін D =1,210-11 м2/c тең. Егер А= 710-19 м2 болса, онда липидтер 1 секунд ішінде 5,9×107 рет орын ауыстырар еді, мұнан липидтің «тұрғылықты өмір ұзақтығы» 1,7×10-8с тең болатындығы көрінеді.
Ақуыз молекулалары липдтер тәрізді жылдам қозғалмайды. Мысалы, лимфоцитарлы мембрананың антиген молекуласының ақуызы үшін D =10-14 м2/c тең болса, онда оның орташа квадраттық орын ауыстыруы тең болады. Мұнан мембранадағы ақуыздардың қозғалшыштығы төмен екендігін көреміз, өйткені мембрана қабатындағы микротүтіктер немесе микрофиламенттер ақуыздардың басым бөлігінің қозғалысын шектеп, оларды мембрананың белгілі бір бөлігінде тұруына ықпал етеді.
Мембрана молекулалары түзу сызықты қозғалыспен қатар айналмалы қозғалысқа да түседі. Мысалы, 1 радин бұрышқа фосфолипид молекуласы 10-9 секунд ішінде бұрылса, родоспин 10-6 с, цитохромоксидаза 10-4 с ішінде бұрылады.
Мембаранадағы фофолипид молекуларладың флип-флоп түріндегі қозғалысы латериалды диффузиямен салыстырғанда өте баяу жүреді, мысалы, фосфолипид молекуласы мембрананың бір қабатынан екінші қабатына өтуіне 1 сағатқа жақын уақыт қажет екен. Ал ақуыз молекулалары мұндай орын ауыстыруға қатыспайды.
Латериалды және флип-флоп диффузия жылдамдықтардың әр түрлі болуының үлкен маңызы бар. Латериалды диффузия жылдамдығының үлкен болуы мембранадағы химиялық рекациялардың жылдам өтуіне ықпал етеді, ал флип-флоп орын ауыстыруының баяу өтуі мембранадағы тепе теңсіздікті қамтамасыз етеді.