Сабақ. Биологиялық мембранының ҚҰрылысы және оның Қызметі. ЖАСАНДЫ Биологиялық мембрана. Сабақ жоспары Биологиялық физика пәні және оның басқа ғылымдармен байланысы



бет45/53
Дата16.12.2022
өлшемі11,48 Mb.
#57647
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   53
lmin

l21

l1

l

2-сурет. 3-сурет.


Әр спектрдегі рентген толқыны ең кіші мәнін мына тұжырым негізінде анықтауға болады: электр өрісінде үдемелі қозғалған электронның сол өріс тарапынан алған энергиясы толығымен рентген фотонына ауысады, олай болса:


Uе = hnmax = hc/lmin,
мұнан
lmin = hc/(eU).

Соңғы өрнекті практикалық жағдайға ыңғайлап мына тұрде жазайық:


lmin = 1,23/U,
Мұндағы lmin – толқын ұзындығы, ол нанометрмен(нм), U – анодтағы кернеу, ол кило Вольпен(кВ) өлшенеді.
Қысқа толқында рентген сәулесінің денеге өтімділігі өте жоғары болғандықтан оны қатаң деп, ал ұзын толқындыны – жұмсақ рентген сәулесі деп атайды.
Енді мына жағдайды қарастырайық, егер катод пен анод арасындағы кернеуді одан ары арттырсақ, табиғаты басқаша болатын рентген сәулесі пайда болады, оны сипаттамалық рентген сәулесі деп атайды және ол анодтың қандай заттан жасалғандығына байланысты болады(3- сурет).
Мұндай рентген сәулесінің пайда болуы механизмін былайша түсіндеміз, энергиясы өте жоғары болатын кей электрондар, анод атомдарының терең қабатына дейін еніп, оның ішкі электрон қабатындағы электрондарға өз энергиясын беріп, оларды босатады, босаған орындарға атомның жоғары қабатындағы электрондар орын ауыстырады, мұндай құбылыс анод атомның энергия порциясын(фотонды) шығарумен аяқталады, осылайша сипаттамалық рентген сәулесі пайда болады. Оптикалық спектрге салыстырғанда мұндай рентген сәулесінің спектрі барлық заттар үшін бірдей түрде болады, өйткені барлық атомдардың ішкі қабаттары бірдей, тек олардың энергетикалық деңгейлері ғана өзгеше.
1913 жылы Г.Мозли сипаттаушы рентген сәулесінің спектрін зерттей келе, өз атымен аталатын заңды ашты. Мозли заңы бойынша сипаттаушы рентген сәулесі жиілігі квадратының түбірі элементтің реттік санына сызықты түрде тәуелді:
Ön = А(Z-B),
мұндағы n- заттың(атомның) спектр сызығына сәйкес келетін жиілік, Z- спектр шығаратын заттың атомдық рет саны, А және В тұрақты шамалар.
Мозли заңы атом шығаратын сипаттаушы спектрі арқылы химиялық элементтің атомдық ретін анықтауға мүмкіндік берді. Бұл, түрлі химиялық элементтерді периодттық жүйеге орналастыруда үлкен көмек берді.
Электронның үлкен жылдамдықпен үздіксіз соғуы нәижесінде ренгтен түтігінңің аноды қатта қызып кетеді, сондықтан оны балқу қиын заттардан жасайды, ал кейбір рентген түтігінде анодты сумен, ауамен суытады. Соңғы кезде қатты қызудан анодтың бұзылуын болдырмау үшін оны өз өсінен айналатындай етіп жасауда (4-сурет).

4 - сурет

Осындай конструкциялық шешімнің нәтижесінде 1500-20000С температураға дейін қызатын анодтың температурасы 15-20 есеге дейін төмендейді, өйткені катодтан шыққан электрондар ендігі жерде тек бір нүктеге келіп соғылып сол нүктені ғана қыздырмайды, бөлінген жылу айналып тұрған анодтың барлық аймағына толық тарайды.


Қазіргі кезеңде тұрақты және көшпелі ренгтен құралдары осындай түтікпен қамтылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет