Сабақ. Биологиялық мембранының ҚҰрылысы және оның Қызметі. ЖАСАНДЫ Биологиялық мембрана. Сабақ жоспары Биологиялық физика пәні және оның басқа ғылымдармен байланысы



бет48/53
Дата16.12.2022
өлшемі11,48 Mb.
#57647
түріСабақ
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Рентген құралының құрылысы
Медицинада рентген құралын екі түрлі бағытта қолданады, оның бірі- рентген сәулесі арқылы ішкі мүшені тексеру, яғни рентген сәулесін денеден өткізу болса, екіншісі- рентген сәулесі арқылы ішкі мүшені суретке түсіру. Мұның біріншісінде, рентген түтігінің қуатын 250-500 кВт дейін жеткізеді, ол бірнеше минут бойы жұмыс істейді, ал екінші жағдайда - суретке түсіруде, рентген түтігінің қуатын 150 кВт дейін жеткізеді және оның жұмыс істеу уақытының ұзақтығы секундтың бірнеше мың бөлігінен бірнеше секундқа дейін жетеді.
Төмендегі, 7- суретте рентген құралының сызбасы берілген. Рентген аппаратты АТ автотрансформаторы арқылы бір немесе үш фазалы Uc кернеуге қосылады. ТТ трансформаторы рентген түтігіне (РТ) берілетін жоғары кернеуді(35-150 кВ) қамтамасыз етеді, ал РТ анодына қажетті тұрақты токты түзеткіш қондырғы(ТҚ) арқылы өндіріп, рентген түтігіне береді.
Рентген аппартының (рентген түтігінің) қажетті режимде (денеден өткізу немесе суретке түсіру) жұмыс істеуіне керекті экспозиция ұзақтығын УР-уақыт релесі арқылы алдын ала анықтап болған соң, К - қосқыш кілті арқылы рентген аппаратына ток беріледі.

7- сурет.

Сызбадағы КҚ- компенсациялық қондарғы, оның көмегімен сыртқы желідегі Uc кернеудің азаюы немесе көбейуіне байланысты рентген аппаратындағы жалпы кернеу реттелініп отырылады.


РТ шыққан сәуле, тексерілетін ішкі мүшеден (ІМ) өтіп, экспозиция датчигіне(Д) түседі, ол рентген сәулесінің дозасын өлшеп, оның мәні қажетті шамаға жеткен соң, ЭР-ға тиісті сигнал береді, ол өз кезегінде УР арқылы К кілтімен рентген аппаратын токтан ажыратады.
КС- катод қыл сымындағы кернеуді реттейтін бөлік, ол TК мен КҚ ток көзіне қосуды қамтамасыз етеді.
Сызбадағы Va-,анодтағы кернеу, Ia – анод тоғы, t- экспозиция ұзақтығы (уақыты), Ф- рентген түтігінің фокусы, бұл шамаларды рентген аппараттың қандай режимде жұмыс атқаратындығына байланысты өзгертуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет