Сабақ біртұтас педагогикалық үдерісті жүзеге асыруға бағытталады: оқыту



бет1/3
Дата27.01.2022
өлшемі32,3 Kb.
#24432
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Сабақ жоспарының қағидаттары


Сабақты жоспарлауда басшылыққа алатын қағидаттар


Әрбір сабақ біртұтас педагогикалық үдерісті жүзеге асыруға бағытталады: оқыту, дамыту, тәрбиелеу. Сабақ сыныпқа кіргенге дейін оған алғашқы дайындықтан басталады және сабақ жоспарын дайындау – табысты сабақты құрылымдаудағы жауапты кезең. Белсенді сабақты жоспарлау табысты сабақтың алғышарттарының бірі.

Белсенді сабақты жоспарлау неден басталады?



Мұғалім алдымен дайындық жұмыстарын жасайды:

  • оқу бағдарламасындағы, тізбектелген сабақтар топтамасындағы осы сабақтың орнын белгілейді;

  • оқу мақсаттарына байланыста сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайды;

  • тақырыпқа қатысты негізгі ұғымдар мен түсініктерді зерделейді;

  • өткен және келесі сабақтарға шолу жасап, осы тақырыппен байланысын ескеру арқылы бүгінгі сабаққа қатысты ойларды толықтырып жинақтайды.

Келесі кезекте сабақтың кеңейтілген жоспарын жазып, әдістемелік жобасын құрады. Белсенді сабақты жоспарлау үрдісі әрбір педагогке белгілі келесі қадамдардан тұрады:

  • Сабақтың мақсат, міндеттерін анықтау (тақырыпқа байланысты сабақтың оқу мақсатын, тілдік мақсаттарды анықтау);

  • Бағалау критерийлерін анықтау (белгіленген мақсаттарға жету деңгейін бағамдауға қолданатын бағалау критерийлерін анықтау);

  • Оқу материалының мазмұнын саралау;

  • Оқыту әдіс-тәсілдерін таңдау;

  • Оқушылардың сабақта жұмыс істеу түрін, оқыту үлгілерін анықтау;

  • Бағалауға арналған тапсырмаларды дайындау;

  • Үйге берілетін тапсырмаларды таңдау;

  • Бақылау, бағалау түрлерін белгілеу;

  • Сабақты қорытындылауға қажетті сұрақтарды дайындау, т.б.

Мұғалім әрбір кезеңде қолданатын оқыту үлгілеріне (жеке, жұптық, топтық, бүкіл сыныптық), оқытудың әдіс-тәсілдеріне мән беруі керек, себебі белсенді сабақта мұғалім мен оқушының атқаратын қызметі мен іс-әрекеттерінде үлкен өзгеріс бар; сабақты жоспарлағанда мұғалім педагогикалық іс-әрекетінің мазмұнын анық көрсетеді, яғни өзінің және оқушыларының орындайтын әрекеттерін ашып көрсетеді. Белсенді сабақта оқушылардың әрекеті танымдық, коммуникативтік және өзін-өзі басқару тұрғысында көрініс табады.

Оқу мақсаттары нені оқып-білу және нені бағалай алу керектігін көрсетеді. Егер нәтижесінде неге қол жеткізуіміз керектігін білмесек, оқу мен оқытудың табыстылығын бағалау да мүмкін емес. Бағалау критерийлері оқу мақсатына жетуге бағытталған қадамдар ретінде қарастырылады. Бағалау критерийлерін нақты анықтамай қалыптастырушы бағалауды тиімді жүргізу мүмкін емес.

Сабақтың әдістемелік жобасын құру барысында мұғалім белсенді оқу әдістерін ұтымды қолдану арқылы оқу мақсаттарының орындалуына барынша қол жеткізуді ұстанады. Мұнда оқу-танымдық үдерістің табыстылығына әсер ететін ынталандыру, жағымды психологиялық орта орнату, оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескеру сияқты маңызды мәселелерді басты назарға алу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет