Магия ( лат. magia гр. μαγεία — сиқыршылық) — алғашқы қауымдық дін формаларының бірі; іс-әрекеттердің (жеке немесе ұжымдық) символдық бейнесі. Магия алғашқы қауым адамы ойының көрінісі және жаратылыстан тыс күштерге сенімнің күшеюімен тікелей байланысты болды.
Сиқыр —сиқыршылық, магия. Сиқыр қараңда ең алдымен Мысырға қатысты айтылады Мұсаның Фираун сиқыршыларымен және Вавилонмен жекпе - жегі әлденеше рет қайталанады. Вавилонның сиқыршылықпен байланысы туралы түсінік Жерорта теңізі мен Алдыңғы Азия аудандары үшін дәстүрлі ұғым.