Сабақ Бөлім: 1-бөлім: Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі



бет2/22
Дата18.10.2023
өлшемі2,06 Mb.
#118151
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
11 кл Қазақ тілі ҚМЖ 1-тоқсан 2023-2024ж










4-тапсырма

Берiлген мақалдар мен нақыл сөздерді оқып, мағынасын таратып айт. Олардың қайсысы мазмұны жағынан бір-бірімен үндеседі? Ойыңды дәлелде. Тыныс белгілерінің қойылу себептерін түсіндір.


1) Тiл тас жарады, тас жармаса, бас жарады. 2) Жақсы сөз – жарым ырыс. 3) Сөз жүйесiн тапса, мал иесiн табады. 4) Жанды жаралайтын да сөз, емдейтiн де сөз.
5) Шешеннiң сөзi ортақ, шебердің бізі ортақ. 6) Тау мен тасты жел бұзар, адамзатты сөз бұзар. 7) Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей шешен боларсың.


«Атаулар туралы үш сұрақ» әдісі
«Тіл» сөзіне қатысты қатысты мынандай сұрақтарға жауап беріңдер:
1. Қайда? Сіз «тіл», «мәдениет», «тарих» атауларына қатысты сөздерді бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңдер?
2. Қалай? Тіл қалай тарих және мәдениет көрсеткіші болып табылады? Мысал келтіріңдер.
3. Қандай? Тілдің жойылуы немесе өркендеуі қандай себептерге байланысты?

Берілген сұрақтар тапсырмалар бойынша оқушы мәтіннің алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселеге қатысты болжам жасайды.
Әліпби нұсқаларының қазақ тарихымен байланысын өз пікірлерімен жеткізеді.

Берiлген мақалдар мен нақыл сөздерді оқып, мағынасын таратып айтады. Олардың қайсысы мазмұны жағынан бір-бірімен үндесетінін өз ойымен дәлелдейді.



«Тіл» сөзіне қатысты қатысты мынандай сұрақтарға жауап беріңдер:

Дескриптор
Білім алушы
- мазмұны бойынша өз болжамын айтады;
- мәтін тыңдау барысында өз болжамын салыстырады;
-қазақ әліпбиіне қатысты өз көзқарасын жеткізеді;
-сұрақтарға жауап береді;
-сыни тұрғыдан өз ойларын тұжырымдап, баға береді.



Оқулық
11-сынып
«Атамұра» баспасы
2020жыл



Сабақтың аяқталуы
2 минут

Үйге тапсырма: 8-тапсырма



Оқулық
11-сынып
«Атамұра» баспасы
2020жыл

4 минут


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет