Сабақтың
басталуы
6 минут
|
Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Психологиялық ахуал
«Әдемі ойлай және демала біл» жаттығуы
Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;
Ой шақыру
Берілген сөйлемдерді оқып, өздерің қалаған бір пікірдің төңірегінде ой бөлісіңдер.
1.Тарих дегеніміз – өткеннің сабағы ғана емес, ол –болашақтың көрінісі.
2.Тарих жолы қашанда тайғақ.
3.Бабаларын қалтқысыз қастерлей алған халық балаларының болашағын да қапысыз қамдай алмақшы.
4.Халықтың тілінде оның тарихының іздері айқын көрінеді.
5.Тіл- әрі тарих, әрі мәдениет көрсеткіші
|
«Әдемі ойлай және демала біл» жаттығуы
- Жүргізуші: «Толқыған кезде, асықпай дем алуға үйрен. Түзу отыр, қолдарыңды тізелеріңе салып, көздеріңді жұмыңдар, терең дем алыңдар:
- Ойша: «Мен арыстанмын»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;
- Дауыстап: «Мен құспын»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;
- Дауыстап: «Мен гүлмін»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;
- Дауыстап: «Мен сабырлымын»,- деп деміңді шығар. Сен сабырлысың, сенің қолыңнан бәрі келеді».
Берілген сөйлемдерді оқып, өздері қалаған бір пікірдің төңірегінде ой бөліседі.
|
Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!
|
Оқулық
11-сынып
«Атамұра» баспасы
2020жыл
|
Сабақтың
ортасы
20 минут
8 минут
|
1.Мәтіннің алғашқы бөлігін тыңдап, мәтіннің мазмұнына болжам жаса. Қандай мәселе сөз болуы мүмкін? Толық тыңдап болғаннан кейін, өз болжамыңды салыстыр.
2. Суреттерде берілген әліпби нұсқаларының қазақ тарихымен қандай байланысы бар? Өз пікіріңді сабақ тақырыбымен ұштастырып тұжырымда.
|