Сабақ Бөлім: 1-бөлім: Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі


-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар



бет19/22
Дата16.10.2023
өлшемі2,06 Mb.
#115545
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
11 кл Қазақ тілі ҚМЖ 1-тоқсан 2023-2024ж

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі»
1-тапсырма
Берілген мәтінді мұқият оқып шығыңыз. Мәтіннің мазмұнына сай тақырып қойыңыз.
Топырақтан иленіп кірпіш жасалған сияқты, дыбыстан құралып сөз жасалады. Кірпіштен қалап түрлі үй жасауға болатын сияқты, сөзден бірігіп түрлі әңгіме құрайды. Үйдің түрлі болып шығуы-балшығынан, кірпішінен, әсіресе қалауынан болатыны сияқты, әңгіменің түрлі болып шығатыны-тілдің дыбысынан, сөзінен, әсіресе сөздің тізілуінен.
Айтушы ойын өзі үшін айтпайды, өзге үшін айтады.Сондықтан ол ойын басқалар түсінетіндей айту керек. Ол үшін айтушы әр сөздің мағынасын жақсы біліп, дұрыстап сөйлем құрауы тиіс. Адам ана тілін жасынан үлкендерден есту арқылы үйренеді. Содан соң тіл танытқыш кітаптардан жетілдіреді. Одан әрі жазушылардың шығармаларын оқып үйренеді.
Қазақ тілі қазақ ортасындағы бәріне бірдей ортақ мүлік болғанымен, әркім әр сөзді өзінше қолданады. Мысалы, біреу «амансыз ба?» деп, біреу «есенсіз бе?» деп, біреу «сәлемет жүрсің бе?» деп амандасады. Бірақ бәрінің ой-мақсаты бір. Бәрінікі де амандық білу, амандық сұрау, бірақ әркім әртүрлі сөз қолданып, өзінше сұрайды.
Әркім өз қалауынша алып тұтынған сөз сол адамның тілі болады.
А.Байтұрсынұлы
А)Қазақ тілі
Ә)Ана тілі
Б) Сөз құдіреті
В) Менің тілім – бабам тілі
2-тапсырма
Мәтіннің мазмұны бойынша әр абзацқа тән ұғымды ретімен көрсетіңіз.
А) Анамның тілі
Ә) Әр адамның сөз қолданысы әртүрлі
Б) Туғаннан адам ана тілін үйренеді.
В) Сөздер бірігіп әңгіме құрайды.
3-тапсырма
Берілген мәтін бойынша орфографияға сай емес жазылған сөздерді тауып, қатесін жөндеп жазыңыз.
Кино – техника мен өнердің қосынды туындысы, әдебиет пен музыканың, бейнелеу өнері мен актерлік ойынның басын қосқан құдірет десек те болады. Кино – синтетикалы өнер, онда әдебиет те, сахналық – актерлік өнер де, музыка да, сурет те бірігіп бас қосады. солардың бас қосқан жерінен бүгінгі ұлттық мәдениеттің хал-жағдайын, халықтың өткені мен бүгінін көруге болады. Қазақ киносы десек, көз алдымызға «қыз жібек, «менің атым қожа», шәкен айманов қойған «қозы көрпеш-баян сұлу» фильмдері түсетіні анық. иә, бұл фильмдер қазақтың рухын көтеретін, еліміздің тарихын дәріптейтін, қазақ мәдениетін паш ететін кинолар екені де даусыз. Олардың барлығы қазақ халқының сонау ұзақ жылдар тарихында, шексіз –шетсіз даласында болған түрлі оқиғаларды, халықтың рухында, мінезінде көрінуге тиіс түрлі салттарды көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет