Мұғалімнің оқушылармен кері байланысы: «Мадақтама». Тапсырмаларды белсенді орындаған, орындауда талпынған, өз ойларын жеткізген балалар еңбегі және ұтымды жауаптарымен, ойлау дағдыларымен ерекшеленген балалар еңбегі мадақталады.
Түрлі сағаттардың моделі.
Тақырыпқа сәйкес көрнекі кестелер, слайд.
Сағат – уақытты анықтайтын құрал. Сағаттың қысқа
«тілін» сағаттық тіл, ал ұзын «тілін» – минуттық тіл дейді.
Циферблат – бұл бөліктерге бөлінген, цифрлар жазылған және екі тілшеден тұратын дөңгелек.
Циферблат тілшесі бар сағатта болады.
Мақсат қою. Сағат циферблатының көмегімен уақытты анықтауды
үйренесің.
Сабақтың ортасы
Операционалдық-танымдық кезеңі Оқулықпен жұмыс. 1-тапсырма. Суреттегі сағатқа қарап, сөйлемдерді толықтырады. Сурет бойынша басқа сұрақтар қояды. 2–3-тапсырмалар.Араб цифрлары, рим цифрлары жазылған сағаттарды зерделейді. Әр сағаттың көрсетіп тұрған уақытын түрліше атайды.
Тәулік туралы білімдерін еске түсіреді:
«Тәулік түнгі сағат 12-ден басталады. Осы уақыттан күндізгі сағат 12ге дейін тәуліктің бірінші жартысы өтеді. Күндізгі сағат 12ден түнгі сағат 12ге дейін тәуліктің екінші жар-тысы өтеді. Тәулік басталғаннан 24 сағат өткен соң жаңа тәулік басталады». 4-тапсырмадауақытты сағатпен және минутпен жазады.
Күнделікті сабақтар арасындағы үзілістердің ұзақтығын
Оқулықпен жұмыс. 1–6-тапсырмаларды орындау барысында
орындалатын әрекеттер: сағат түрлерін атайды, көрсетіп тұрған сағаттың қай уақыт екенін анықтайды.
Уақытты сағатпен және минутпен жазады.
Күнделікті сабақтардың және сабақтар арасындағы үзілістердің ұзақтығын кестеге түсіреді. Тілдік қатынаста «таңертеңгі»,
«күндізгі», «түнгі»,
«кешкі» сөздерін қолданады.
7-тапсырмадаекі таңбалы сандарды қосу және азайту амалдарын орындау үшін жақшасыз өрнек құрады, мәнін есептейді.