1-тапсырмада 48 + 30; 78 – 30 үлгісінде берілген өрнектердің мәнін табады, түсіндіреді, тұжырым жасайды.
Қалыптастырушы бағалау. «Қалыптастыру шы сауалнама» – материалды таныстырған соң немесе сабақта қандай да бір қызмет түрінен кейін өтетін тексеру түрі. Нақтылау сұрақтары қойылады:
«Неліктен? Қалайша? Қалай?..».
Мысалы,
Неліктен 40-қа 30-ды қостың?
Неліктен 70-тен 30-ды азайттың?
48, 78 сандарын бірлік пен ондықтың қосындысы түрінде қалай жазасың?
Оқулық CD диск
Көрнекі кестелер:
«Сандарды қосу мен азайтудың ауызша тәсілдері».
№7 кесте
Көрнекі кестелер:
«Сандарды қосу мен азайтудың ауызша тәсілдері».
= 84
50 + 31 = 50 + (30 + 1) = 80 + 1 = 81
89 – 10 = (80 + 9) – 10 = 70 + 9 = 79
74 – 60 = (70 + 4) – 60 = 10 + 4 = 14
3) Қорытынды: екі таңбалы екі санның қосындысы қосылғыштардың ондықтарын және бірліктерін өзара қосқанда шығатын қосындыға тең, яғни ондыққа ондықты қосады, ондықтан ондықты азайтады.
Ойсергек: «Санаймыз біз санамақ». Бас бармағым – әкем, Балаң үйрек – шешем, Ортан терек – ағам, Шылдыр шүмек – апам, Кішкене бөбек – мен.
Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз – бесеуміз.