ІІ.Қызығушылықты ояту Топтық жұмыс 1-тапсырма «Шұғамыз –театрдың үлкен бір ойыны. Бұл –драма күйіндегі үлкен бір шығарманың бірі. Бұл бір дәуірдегі бай мен бұқараның тұлғасын көрсетеді» І.Жансүгіров Мұғалім оқушылардың ойын тақырыпқа алып келу мақсатында,
І.Жансүгіровтің осы сөзінен нені түсінгенін сұрайды.
Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын/ негізгі мақсаттарын тұжырымдап дәптерге жазып алады.
Жеке жұмыс Оқушылар І.Жансүгіровтің осы сөзінен нені түсінгенін айтады және «Шұғаның белгісі» хикаятына ұқсас ақын-жазушылардың басқа да шығармаларын естеріне түсіреді.
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру
ІІІ. Мағынаны тану Жеке жұмыс 2-тапсырма Шығарма мазмұны еске түсіріледі. Оқушылардың кез келгенінен жалғастырылып сұралады.
1.Қос жолаушы
2.Сұлу қыз – Шұға
3.Кездесу
4.Учитель Әбдірахман
5.Ғашық жүректер
6.Хат.
7.Жабылған жала
8.Қоштасу
9.Айықпас дерт
10.Соңғы хат
11.Белгі.
Мұғалім сөзі.
Қай замандағы әдебиет болмасын ғашықтық тақырыбы орын алады. Бұл тақырып- мәңгілік тақырып.Сондықтан болар, ғашықтық тақырыбында ақын өлең , жазушы роман немесе повесть жазса, ал сазгер ән жазды. Мүсінші де өз қолтаңбасын арнайды. Әлем әдебиетінде де осы тақырыпта өлмес мұралар баршылық.Сондықтан да тарихымызда махаббатты жырлаған өнер туындылары көп-ақ. Мысалы, «Ләйлі –Мәжнүн» жыры, «Ромео мен Джулетта» , «Таж- Махал кесенесі» т.б өнер туындылары бар.
Біз бүгін солардың бірі М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамалы» мен Шәкәрім Құдайбердиевтің «Қалқаман-Мамыр» поэмасын «Шүғаның белгісі» повесімен салыстыратын боламыз.