(Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады.
А) «Наурыз келді!» атты өлеңді тізбектей дауыстап оқыңдар.
Ә) Автор туралы әңгіме:
-Шығарма авторы кім? Ол туралы не білесіңдер?
Темірхан Медетбек – ақын,аудармашы.
1) Ақын ойын өз сөзіңмен түсіндіріп көріңдер.
- Суреттегі заттар туралы өлеңнің қай жолдарында айтылған? Тауып оқыңдар.
Ақын сөздерін пайдаланып, сөйлем құрап жазыңдар.
1-шумақ бойынша 1 сөйлем.
2-шумақ бойынша 3 сөйлем.
3-шумақ бойынша 2 сөйлем.
Үлгі: Әжем саба толы қымызды пісіп жатыр.
«Наурыз келді» деген тақырыпта мәтін құрастырыңдар. Жазған сөйлемдеріңді пайдаланыңдар.
Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.
Кейбір оқушыға:
- Наурыз туралы мақал-мәтелдер айт.
Сергіту сәтінде наурыз туралы ән тыңдайды.
(Т) 2-тапсырмада «Ашық микрофон» әдісі жүзеге асырылады.
А) Өлеңді оқыңдар және жаттап алыңдар.
Ә) Автор туралы әңгіме:
-Шығарма авторы кім? Ол туралы не білесіңдер?
Бейімбет Майлин – жазушы, ақын, драматург.
Б) Сұрақ-жауап:
Мәтіндер бойынша Айт мерекесіне қатысты 3 сұрақ дайындаңдар және оларға жауап беріңдер.
|
- Мәтінді түсініп оқиды.
Сұрақтар қояды, жауап береді.
Ән тыңдап сергиді.
-Тапсырманы орындап, өз пікірлерін білдіреді.
|
Дескриптор:
- Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқиды -1балл.
- Автор туралы әңгімелейді -1балл.
Ақын ойын өз сөзіңмен түсіндіреді-1балл.
Ақын сөздерін пайдаланып, сөйлем құрап жазады-1балл.
-«Наурыз келді» деген тақырыпта мәтін құрастырады-1балл.
Дескриптор:
- Өлеңді оқып, жаттайды-1балл.
- Автор туралы әңгімелейді -1балл.
-Мәтін бойынша Айт мерекесіне қатысты 3 сұрақ дайындайды, жауап береді-1балл.
|