Рефлексия
Табыс баспалдағы
|
Сабақтың бағалау критерийіне сәйкес «Табыс баспалдағынан» өз орнын белгілейді және себебін
түсіндіреді.
|
Өзін-өзі бағалау
|
|
220
221
Бөлім: Әліппе кезеңі
|
|
|
Педагогтің аты-жөні:
|
Күні:
|
|
Сынып: 1
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Ә дыбысы және әрпі
|
Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер
|
Білімділік: оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; сызба-модель, сурет, белгілер арқылы сөз, сөйлем, шағын мәтін құрайды; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады; айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп және есту, есте сақтау арқылы жазады.
Дамытушылық: сөздік қоры жаңа сөздермен байиды; сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды.
Тәрбиелік: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың кезеңі/уақыты
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы (1–7 мин)
|
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу.
Оқушыларды түгендеу.
Психологиялық ахуал орнату.
«Көрпені жамау» жаттығуы.
Балалар, біз мына түрлі түсті маталарды бір- біріне жамау арқылы құрақ көрпе құрайық. Ол үшін сұрақтарға жауап беру қажет.
Маңызды шараларда қандай ән орындалады?
Әнұран.
|
Оқушылар түрлі түсті қима маталардың артына жазылған сұрақтарға жауап бере отырып, құрақ құрайды.
|
Қолдау
|
Мата қиындылары, сұрақтар
|
222
|
Көктемнің екінші айы қалай аталады?
Сәуір.
Батаны кімдер береді?
Ата, әжелер.
«Ә» қандай дыбыс?
Дауысты дыбыс.
|
|
|
|
Сабақтың ортасы (26 мин)
|
Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:
– Балалар, сендер бүгін берілген сөзді, сөйлемді, мәтінді буындап, тұтас оқисыңдар. Әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазасыңдар. Сызба-модель арқылы сөйлемдер құрап оқисыңдар. Оқулықта жазуға берілген тапсырмаларды дәптерге өздіктеріңнен көшіріп жазасыңдар.
Сұрақтарға сөйлем сызбасы арқылы жауап бересіңдер.
(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы.
Оқылым.
1-тапсырма.
Оқулықтың 68-бетінде оқуға берілген сөздер мен мәтінді оқушылардың түсініп оқуына қолдау жасау.
|
Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.
Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып,
«бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.
Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды.
Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.
|
Қолдау
Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.
|
Оқулық
Суреттер
|
|
2-тапсырма. Оқылым. Калиграммалық сөйлемдерді оқиды. Әтеш шақырады. Түлкі шәуілдейді.
(МК, Ө) Жазылым 3-тапсырма.
|
Калиграммалық сөйлемге көп кідіріс жасамай, жылдам оқиды.
Оқыған сөздеріндегі «ә» әрпінің орнын анықтап, дыбыстық талдау жасайды.
1. Оқушылар жазу дәптеріндегі
тапсырмаларды орындайды: үлгі бойынша сөздер мен сөйлемдерді жазады.
|
Суреттегі затты атағанда немесе сөйлем құрап оқығанда көмек керек болған жағдайда көмектесу.
|
Оқулық Жазу дәптері
|
|
Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құрап оқу. Құраған мәтінді дәптерге көшіріп жазу.
|
Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құрап оқиды. Құраған мәтінді дәптерге көшіріп жазады:
Әселдің әжесі бар. Әжей текемет басады. Оны «қолы шебер әжей» дейді.
Сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін- өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек-шартты белгілерді бояйды: «жасыл» түс – «Бәрекелді!»,
«көк» түс – «Жарайсың!», «қызыл» түс –
«Ойлан!».
|
Сөйлемдерді мәтіннен табуға, реттілігін анықтауға бағыт беру.
Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |