Ұйымдастыру,
өзін –
өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру
10 мин
|
Ынтымақтастық атмосферасын және өздеріне сенімділік қалыптастыру ширату жаттығулары арқылы жүреді.
«Санау» әдісімен топқа бөліп отырғызу.
- Топқа ат қойыңдар.
- Топ басшысын сайлап, топ ережесін еске түсіріңдер.
Өткен сабаққа шолу:
А)Үй тапсырмасын тексеру.
«Керме жіп» әдісімен жаңа сабаққа кіріспе жүреді.
-Жіпте ілінген парақтардағы сұрақтарға жауап беріп, жасырын сөзді ашыңдар. (Дара, күрделі)
- Сан есімнің анықтамасын айтыңдар. (д)
- Реттік сан есімді қалай анықтаймыз? (а)
- Реттік сан есімдерге мысалдар келтіріңдер. (р)
- Есептік сан есімдерге мысалдар келтіріңдер. (а)
- Заттың санын, ретін білдіретін сөздерге мысал келтір. (к)
- Есептік сан есімді қалай анықтаймыз? (ү)
- Сан есімдердің сұрақтары қандай? (р)
- Сан есімдердің ішінен реттік сан есімдерді ата. Бесінші, алты, қырық бес, тоқсан тоғызыншы. (д)
- Сан есімдердің ішінен есептік сан есімдерді ата. Сегізінші, алпыс алты, қырық бесінші, тоғыз. (е)
- Сан есімдер сөйлемде қай сөз табымен байланысады? (л)
- Сан есім мен зат есімнің байланысына мысал келтір. (і)
- Олай болса, бүгінгі сабақта сан есімнің дара және күрделі түрін анықтауға арналған тапсырмалар орындайтын боламыз.
Сабақ мақсатын хабарлау.
|
Жаттығу жасайды.
Саналады.
Топқа бірігеді.
Топ басшысын сайлайды.
Топ ережесін еске түсіреді.
Тапсырма тексертеді.
Тақырыпты, сабақ мақсатын анықтайды.
|
«Ауызша мадақтау» әдісі:
Жарайсың!
Тамаша!
Жақсы!
Оқушылар жауабын толықтырып, әр қайсысына тиімді кері байланыс беріп отыру.
|
сұрақтар жазылған парақшалар Д,А,Р,А,
К,Ү,Р,Д,Е,Л,І
|