Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
7.3.2.1-программалау тілінде алгоритмді жазу
7.3.3.2-сызықтық және тармақталу алгоритмдерін программаны өңдеудің кіріктірілген ортасыңда (С/С++, Python, Delphi, Lazarus) жазу
- шартты оператордың толық және қысқартылған жазылу
түрлерін білу
- бағдарламалау тілінде шартты операторлардың құрылымын
дұрыс жаза алу
- шартты операторды жобаның қай жерде қолдану керек
екендігін талдау
Тілдік мақсаттар
Тілдік емес пәндер үшін қалыптастырылады.
өз жобаларын сынып алдында көрсету үшін қысқаша есептер жаза алады
Пәнге тән лексика және терминология.
алгоритм, бағдарламалау ортасы, бағдарламалау тілі
код, операторлар, енгізу/шығару, сәйкестендіргіш, айнымалы
шарт, таңдау
Диалогтар мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:
Тіл алфавиті - бұл…
Бағдарламалаудың жоғары деңгейлі тілдеріне … жатады.
Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, сабақта жоқ білім алушыларды журналға белгілеу
Үй тапсырмасын сұрау. «Chain quiz» әдісі арқыры үй тапсырмасын
сұрау.
Оқушыларды «Chain quiz» әдісінде оқылған сұрақтардың нөмірі арқылыу екі топқа бөлу. Жұп сан және тақ сан арқылы. Топ басшысын сайлау. Топ басшысы жауап берген оқушыларға фишка беріп отырады. Сабақтың соңында қай топ фишка көп жинаса сол топ жеңіске жетеді.
Сіздің ойыңызша бүгін қандай тақырыппен таныс боламыз?
Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттармен таныстыру
Оқушылар моншақ тәріздес кезек кезек сұрақпен жауапты оқиды.
Сабақ ортасы
(С) Білім алушылардан сұраймыз: «Егер» деген сөзді қай уақытта және қайда қолданатыңызды айтыңыз, мысал келтіріңіз.
Анықтама. Тармақталу (Ветвление; branching, fork) тандау бар жағдайда басқаруды беру; программадағы бірнеше команда тізбектерінің — біреуін берілген шарт бойынша таңдау.
Тармақ (Ветвь; branch) — алгоритмдер мен программаларда — тармақталу нүктесінен басталатын, таңдап алынатын жолдардың бірі.
Анықтама. Тармақталу операторы шарттың орындалуына немесе орындалмауына байланысты екі түрлі жағдайдың бірін таңдауға мүмкіндік береді.