(Ұ) 1-тапсырма - «Ашық микрофон» әдісі. 22-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.
Өлеңнің тақырыбы мен мазмұнының сәйкестігін анықтаңдар.
Ж: Екеуі де Отан туралы.
Етістіктерді табыңдар.
Ж: Сыйлайын, жинайын, жырлайын, бөленсін, теңелсін, көрерсің.
Олар қашан болатын істі білдіріп тұр?
Ж: алдағы уақытта болатын істі білдіріп тұр.
23-жаттығу. Берілген сөздермен сөйлемдер құрастырып жазыңдар.
Мен көмектесемін.
Сен көмектесесің.
Сіз көмектесесіз.
Ол көмектеседі.
Біз көмектесеміз.
Сендер көмектесесіңдер.
Сіздер көмектесесіздер.
Олар көмектеседі.
Етістіктерді тауып, олардың қай жақта тұрғанын, қашан болатын істі білдіретінін айтыңдар.
Анықтамамен жұмыс.
Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.
Кейбір оқушыға: - Келер шақ етістіктеріне мысалдар келтір.
Сергіту сәті: «Қаражорға» биі.
(Т) 2-тапсырма - «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі. 24-жаттығу. Өлеңге тиісті етістіктерді қою арқылы толықтырып жазыңдар.
26-жаттығу. Бағанның сол жағындағы сөздерді тиісті етістіктермен сәйкестендіріңдер.
Мағжан ақылдасты. Ағаш өсті. Сабақ басталған. Біз естідік. Досы келді.
Тапсырмамен жұмыс жасайды.
Билеп сергиді.
Тапсырма орындайды. Пікірін дәлелдейді.
Дескриптор:
Өлеңді мәнерлеп оқиды, тақырыбы мен мазмұнының сәйкестігін анықтайды-1балл.
Етістіктерді табады, алдағы уақытта болатынын айтады-2балл.
Берілген сөздермен сөйлемдер құрастырып жазады-2балл.
Өлеңге тиісті етістіктерді қою арқылы толықтырып жазады-1балл.
Бағанның сол жағындағы сөздерді тиісті етістіктермен сәйкестендіріп жазады-1балл.