Сабақ Бөлім: Ғарышқа саяхат



бет3/3
Дата13.04.2023
өлшемі244,89 Kb.
#82135
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
4кл әдебиет 30-апта-1

Қысқа мерзімді жоспар
Әдебиеттік оқу 87-сабақk



Бөлім:

Ғарышқа саяхат

Мұғалімнің аты-жөні

Ахаева Кулжан

Күні:14.04.2023




Сынып: 4

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ғарышкердің ас мәзірі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.2.8.1 эпизодтар мен оқиғалардың негізінде жатқан маңызды тұстарын талдау және салыстыру

Сабақтың мақсаты

  • эпизодтар мен оқиғалардың негізінде жатқан маңызды тұстарын талдайды және салыстырады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру,
өзін –
өзі тексеру
8 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.
Өткен тақырыпқа шолу және жаңа оқу материалын жариялау «Хат тасушы ұшақтар» әдісімен жүреді:
-Тұңғыш қазақ ғарышкері кім еді?
-Қазіргі заманда қайда сапар шегуге болады?
-Ғарышта 3 рет болған қазақ ғарышкері кім?
-Соңғы рет ғарышқа ұшқан қазақ ғарышкерін ата.
-Ғарышкердің тағамы қандай болу керек?
- Ғарышкердің тағамының түрі, пішіні қандай болады деп ойлайсыңдар?
- Ғарышкерге жақсы тілек айтыңдар.
-Олай болса, бүгінгі сабақта ғарышкердің ас мәзірі туралы оқып, тапсырмалар орындайтын боламыз.
Топқа бөлу «Таңдау» әдісімен жүреді.
-Ұшақ түрлерінің бірін таңдап, топқа бірігіп отырыңдар.

Жаттығу жасайды.

Топқа бірігеді.


Сұрақтар қойып, жауап береді.

«Ауызша мадақтау» әдісі:


Жарайсың!
Тамаша!
Жақсы!

Түрлі ұшақ макеттері



Жаңа білім
15 мин
2 мин
Бекіту
15 мин



(Ұ,Д) 1- тапсырма «Ашық микрофон» әдісі, дәптермен жұмыс:
А) Мәтінмен жұмыс.
-Мәтінді тізбектей дауыстап оқыңдар.
-Мәтіннің мазмұны несімен ұнады?
Саралаудың «Дереккөз» тәсілі жүзеге асады.
Кейбір оқушыға:
-Ғарышкердің ас мәзірі туралы әңгімеле.


Сергіту сәтінде әнге қосылып айтады.
(Т) 2-тапсырмада «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісімен орындалады.
а) Анықтау.
-Ғарыштағы түн неліктен бірнеше минут қана болатынын анықтаңдар.
ә) Құрастыру.
-Ғарыштағы тамақтану ережесін құрап жазыңдар.
Б) Салыстыру.
-Мәтін мазмұны бойынша, ғарыштағы өмір мен Жердегі тіршілікті салыстырыңдар.

В) Қорытындылау.
-Болашақта ғарыштық тағам біздің тағамдардың өзгеруіне әсер етуі мүмкін бе? Қазірге кезде оның қандай белгілері байқалады?



- Тапсырма орындайды.

Ән айтып сергиді.


-Тапсырманы орындап, өз пікірлерін білдіреді.

Дескриптор:
- Мәтінді оқиды-1балл.
- Мәтіннің мазмұны несімен ұнағанын айтады-1балл.


Дескриптор:
- Ғарыштағы түн неліктен бірнеше минут қана болатынын анықтайды -2балл.
-Ғарыштағы тамақтану ережесін құрап жазады -2балл.
- Ғарыштағы өмір мен Жердегі тіршілікті салыстырады-2балл.
Болашақта ғарыштық тағам біздің тағамдардың өзгеруіне әсер етуі мүмкіндігін қазіргі тағамдардан мысалдар келтіре дәлелдейді-2балл.

«Әде-
биеттік оқу» оқулығы
4 сынып 2019ж





Қорытын-ды
5 мин

Кері байланысты «Үш қадамдық сұқбат» әдісі арқылы береді.
Мұғалім оқушылар жауабын талдап, өз қалыптастырушы бағасын қояды.
Оқу тапсырмасы: мәтінді мазмұндау.

Сабақтан түйген ой-пікірін айтады.

ҚБ қойылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет