3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау
3.4.1.1* э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар: мәтіннің тақырыбы бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды, ф әрпі бар сөздерді сауатты жаза алады.
Көптеген оқушылар: мәтін кейіпкері туралы өз пікірін ашып айта алады.
Кейбір оқушылар: мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырып, оған жауап бере алады.
Ынтымақтастық атмосферасын және өздеріне деген сенімділік қалыптастыру мақсатында дауыстап өлең оқиды: Жақсылық көрсем – көлдеймін,
Жамандық көрсем – шөлдеймін.
Жақсылық үшін жадырап,
Жанымды жырмен тербеймін.
«Санау» әдісімен төрт топқа бөлу.
Үйге берілген оқу тапсырмасын тексеру: В әрпі бар сөздерден сөйлемдер құрап жазып келу.
Оқу материалын жариялау «Жұмбақ» әдісі арқылы болады. Фермада бар, Малда жоқ. Формада бар, Киімде жоқ. (Ф) - Ф дыбысы туралы не айта аласыңдар?
-Ендеше бүгінгі сабақта ф дыбысы бар сөздерді сауатты жазу жайлы білімімізді жетілдіру мақсатында тапсырмалар орындайтын боламыз.
Өлеңді дауыстап оқиды.
Үйге берілген тапсырманы қалай орындағанын түсіндіреді.
(Ұ, Д) 1- тапсырма: «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі, дәптермен жұмыс.
24-жаттығу.
Қос қоржынын артынып, Қос құлақтай қалқиып, Тұратын бұл қай әріп? Жұмбақтың шешуіндегі әріп қай дыбыстың таңбасы? Ол дыбыс туралы не білесің?
25-жаттығу. Өлеңді жатқа жаз.
Фойеде ел жиналған
Фестивальді тойлады.
Фатима қыз финалда
Флейтада ойнады.
•Өлеңдегі ф дыбысы бар сөздердің мағынасын дереккөздерден қарап, түсіндір.
• Флейта қандай аспап? Тағы қандай музыкалық аспаптарды білесің?
• Ф дыбысы бар сөздерді айтып, бұл дыбыстың айтылу ерекшелігін байқа.
Дескриптор: -Жұмбақты түсініп оқиды.
-Жұмбақтың шешуін табады.
- Шешуіндегі әріп ф дыбысының таңбасы екенін айтады.
- Фдыбысы туралы не білетіндерін айтады.
-Өлеңді жатқа қатесіз жазады.
- Өлеңдегі ф дыбысы бар сөздердің мағынасын түсіндіреді.
- Флейта, тб музыкалық аспаптар туралы әңгімелейді.
- Ф дыбысы бар сөздерді айтып, бұл дыбыстың айтылу ерекшелігін айтады.