Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «------------------------- орта мектебі» КММ
Қысқа мерзімді жоспар Жаратылыстану 11-сабақ
Бөлім:
Жер және ғарыш
Мұғалімнің аты-жөні
Күні:
Сынып: 3
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
Күн мен түн қалай ауысады?
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
3.4.3.1 Жердің өз осінен айналуының салдарын түсіндіру
3.1.2.4 жүргізілген эксперимент нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар: Жердің өз осінен айналуының салдарын түсіндіріп, эксперимент нәтижесінде қорытынды жасай алады.
Көптеген оқушылар: тәулік бөліктерін атап, Күннің тәуліктік жолын анықтай алады;
Кейбір оқушылар:бөлім бойынша берілген тест сұрақтарына жауап бере алады.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Ұйымдастыру,
өзін –
өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру
8 мин
Ынтымақтастық атмосферасынқалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.
Өткен тақырыпқа шолу: «Жедел жауап» әдісі арқылы жүреді.
- Өткен сабақта қандай тақырыпты өттік?
- Күн мен түн неліктен ауысады?
-Елімізде күн болып жатқан кезде қай елдерде түн болады?
Жаңа тақырыпты ашу «Мюссенберг» әдісі арқылы жүреді.
-Берілген әріптер арасынан мағыналы сөздерді тауып, тақырыпты шығарыңдар.
Раэлищнзкүпдпвдпщивқмендпщқжтүнвдпиштбгвқалайптдпауысадыбқшсн
- Қандай сөйлем шықты?
-Күн мен түн қалай ауысады деп ойлайсыңдар?
- Олай болса, бүгінгі сабағымызда Күн мен түн қалай ауысатынын оқып білетін боламыз.
Сабақ мақсаты жария етіледі.
Ширату жаттығуларын орындайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Тақырыпты шығарады.
Дескриптор: Күн мен түн неліктен ауысуы туралы әңгімелейді-2балл.
Оқушылар жауабын толықтыру, тиімді кері байланыс жасау.
Жаңа білім
15 мин
2 мин
Бекіту
15 мин
(Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады. Дәптермен жұмыс болады.
А) Сөздікпен жұмыс:
Күннің шығуы, күннің батуы, талтүс, түн ортасы Ә) Шаманы өлшеу.
- Эврика қай шаманы өлшейін деп жатыр? Ол әрбір жағдайға сәйкес қандай өлшем бірлік қолданатынын суреттерге қарап анықта.
-Жыл неден тұрады?
-Апта ше?
-Сағат ше?
-Тәулікті қандай бөліктерге бөлуге болады?
Б) Суретпен жұмыс.
Фотосуреттерге қараңдар. Олар бір-біріне несімен ұқсайды? Қалай ерекшеленеді? Әрқайсысын қалай атауға болады?
Оларды дұрыс ретпен орналастырыңдар.
-Кеш қашан батады?
-Таң қашан атады? Неге олай ойлайсыңдар, түсіндіріңдер.
-Әр суреттегі Күннің орналасуына назар аударыңдар. Пейзаждарды сипаттаңдар.