Сабақ Бөлім: Шамалар жəне олардың өлшеу бірліктері



бет2/2
Дата31.12.2021
өлшемі60,07 Kb.
#22516
түріСабақ
1   2
Байланысты:
қмж 130 бұйрық

Қарқыны баяу оқушыларға: уақыт беріледі.

Сұраққа жауап береді.

Түсіндіре отырып есептейді.

Билеп сергиді, жаттығады.


А) Есептеу тәсілін түсіндіреді. Ә)Есепті шығарады.

Ш: (10м+20м)+10м+20м=60 м

Ж:Үш күнде барлығы 60м мата жұмсады.



ҚБ: 1-10 балдық жүйе.

ҚБ: 1-10 балдық жүйе.



Оқулық, дәптер қалам

Оқулық



Сабақтың соңы

2 мин


Кері байланыс: «Жетістік баспалдағы» әдісі бойынша өтеді.

Үй тапсырмасы: ұзындықтың өлшем бірліктерін, арақатынасын жатта.













«------------------------- орта мектебі» КММ

Қысқа мерзімді жоспар

      Математика 30-сабақ

Сембаев Д.Серикбаевич

Бөлім:

Шамалар жəне олардың өлшеу бірліктері

Мұғалімнің аты-жөні




Күні:




Сынып: 2

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Центнер. /Мен өлшеймін жəне таразыға тартамын

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.1.3.3. * * Шамалар мəндерін: ұзындық (см, дм, м)/ масса (кг, ц)/ көлем (сыйымдылық): (л) /уақыт: сағат, минут, тəулік, ай, жыл өлшем бірліктерін салыстыру жəне амалдар орындау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: массаның (кг, ц) өлшем бірліктерін салыстырады жəне амалдар орындай алады.

Көптеген оқушылар: құрама есептің шешу жолын таба алады.

Кейбір оқушылар: тапсырма орындап, өз пайымдауын айта алады.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларын жасау арқылы жүреді.

«Ауызша жаттығу» әдісі арқылы өткенді еске түсіру жүреді.

-82 мен 5-тің қосындысын ата.

-34 бірлік пен 4 бірліктің айырмасы нешеге тең?

-85 пен 7-нің қосындысын тап.

-37 мен 4-тің қосындысын тап.

-43 пен 3-тің айырмасы болатын санды ата. Тсс

-37 мен 30-дың айырмасы болатын санды ата. Тсс



Оқу материалын жариялау ребустар шешу арқылы жүреді.(таразы, центнер)

-Таразы деген не?

-Ол не үшін керек?

-Центнер дегенді естулерің бар ма?

- Бүгінгі сабағымыздың мақсаты не болады деп ойлайсыңдар?


Ширату жаттығуларын жасайды.

Сандардың қосындысын, айырмасын ауызша табады.


Ребус шешіп, тақырыпты ашады. (Таразы, Центнер)





Сабақтың ортасы

15 мин


2 мин

13 мин


(Д) 1- тапсырма «Анықтап көр» әдісі арқылы жүзеге асады.

Суретке қарап, үй жануарларын қай таразыға өлшеуге болатынын анықта. Дәрігер, сатушы, көкөніс қоймасындағы қоймашы қандай таразы пайдаланатынын тап.

Өз салмағыңды анықта.

Ә) Дүкенге тор қаппен картоп әкелінді. Картопты суреттегі қай таразыға тартқан дұрыс? Неліктен?



Есте сақта!

Бидай, күріш, мақта өнімдерін центнермен өлшейді.

1ц=100кг

Дескриптор:

-Үй жануарларын және картопты өлшеуге болатын таразыны анықтайды.

-Өз салмағын анықтайды.

Саралау тәсілі: «Қарқын» әдісі арқылы жүзеге асады

Қарқыны жоғары оқушыға:

- 100 көлеміндегі сандарды ондықтан аттап ауызша қосу мен азайтуға мысалдар келтір.



Қарқыны баяу оқушыларға: уақыт беріледі.
Сергіту сәті «Көңілді күн» әуенімен жаттығу жасайды.
(Д) 2- тапсырма «Есептеп көр» әдісі арқылы жүзеге асады.

Сызба және сандық мәліметтер бойынша есеп құрастыр. Оларды шығар.

Дүкенге 1 ц қызанақ және 5 ц картоп әкелінді. Дүкенге барлығы неше ц көкөніс әкелінді?

Қызанақ-1ц

Картоп-5 ц ? ц

Ә) Дүкенге 1 ц қызанақ және 5 ц картоп әкелінді. Қызанақтың картоптан неше центнері кем?



Қызанақ-1ц, ? кем

Картоп-5 ц

Дескриптор:

­- Есеп құрады.

- Есептің шешуін, жауабын шығарады.


Үй жануарларын және картопты өлшеуге болатын таразыны анықтайды.

Өз салмағын анықтайды.

Сергіту жаттығуын жасайды.
Есеп құрады. Есептің шешуін, жауабын шығарады.

­ Ш: 1ц+5ц=6ц

Ж: барлығы 6 ц көкөніс әкелді.

Ш: 5ц-1ц=4ц

Ж: Қызанақтың картоптан 4 центнері кем.



ҚБ: 1-10 балдық жүйе.

ҚБ:

1-10 балдық жүйе.





Оқулық, дәптер қалам

Оқулық




Сабақтың соңы

5 мин


Кері байланыс: «Жетістік баспалдағы» әдісі бойынша өтеді.

Үй тапсырмасы: 4-тапсырма.










«------------------------- орта мектебі» КММ

Қысқа мерзімді жоспар

      Математика 31-сабақ



Бөлім:

Шамалар жəне олардың өлшеу бірліктері

Мұғалімнің аты-жөні




Күні:




Сынып: 2

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Центнер. /Мен өлшеймін жəне таразыға тартамын

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.1.3.3. * * Шамалар мəндерін: ұзындық (см, дм, м)/ масса (кг, ц)/ көлем (сыйымдылық): (л) /уақыт: сағат, минут, тəулік, ай, жыл өлшем бірліктерін салыстыру жəне амалдар орындау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: массаның (кг, ц) өлшем бірліктерін салыстырады жəне амалдар орындай алады.

Көптеген оқушылар: құрама есептің шешу жолын таба алады.

Кейбір оқушылар: тапсырма орындап, өз пайымдауын айта алады.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларын жасау арқылы жүреді.

«Ауызша жаттығу» әдісі арқылы өткенді еске түсіру жүреді.

-39 бірлік пен 7 бірліктің айырмасы нешеге тең?

-54 пен 7-нің қосындысын тап.

-87 мен 7-нің қосындысын тап.

-45 пен 8-дің айырмасы болатын санды ата. Тсс

-66 мен 30-дың айырмасы болатын санды ата. Тсс

Оқу материалын жариялау сұрақ-жауап арқылы жүреді.

-Өткен сабақта немен шұғылдандық?

-Таразы деген не?

-Ол не үшін керек?

-1 центнер неше кг-ға тең?

-700кг неше центнер болады?

- Бүгінгі сабағымыздың мақсаты не болады деп ойлайсыңдар?


Ширату жаттығуларын жасайды.

Сандардың қосындысын, айырмасын ауызша табады.









Сабақтың ортасы

15 мин


2 мин

13 мин


(Д) 1- тапсырма «Есептеп көр» әдісі арқылы жүзеге асады.

А)Сызба және сандық мәліметтер бойынша есеп құрастыр. Оларды шығар.

Қоймаға 80кг қияр және 100кг сәбіз әкелінді. Қоймада барлығы неше кг көкөніс әкелінді?

Қияр-80кг

Сәбіз-100кг ? кг

Ә) Қоймаға 80кг қияр және 100кг сәбіз әкелінді. Сәбіздің қиярдан неше кг артық?



Қияр-80кг,

Сәбіз-100кг, ? кем

Дескриптор:

­- Есеп құрады.

- Есептің шешуін, жауабын шығарады.

Саралау тәсілі: «Қарқын» әдісі арқылы жүзеге асады

Қарқыны жоғары оқушыға:

- 100 көлеміндегі сандарды ондықтан аттап ауызша қосу мен азайтуға мысалдар келтір.



Қарқыны баяу оқушыларға: уақыт беріледі.
Сергіту сәті «Қаражорға» әуенімен жаттығу жасайды.
(Д) 2- тапсырма «Есептеп көр» әдісі арқылы жүзеге асады.

71ц+3ц=74ц 98ц-3ц=95ц

88кг-6кг=82кг 54кг+4кг=58кг

39ц-4ц=35ц 69кг-5кг=61кг

82ц+4ц=86ц 87кг-6кг=81кг тсс

Дескриптор:

- Амалдарды орындайды.



Саралау тәсілі: «Қарқын» әдісі арқылы жүзеге асады

Қарқыны жоғары оқушыға:

- Таразының бір табақшасында 6 бірдей алма және 3 бірдей алмұрт бар. Ал таразының екінші табақшасында 3 бірдей алма және 5 бірдей алмұрт бар. Таразының екі басы тең. Не жеңіл: алма ма, әлде алмұрт па?



Қарқыны баяу оқушыларға: уақыт беріледі.

Есеп құрады. Есептің шешуін, жауабын шығарады.

­ Ш: 80кг+100кг=180кг

Ж: барлығы 180кг көкөніс әкелді.

Ш: 100кг-80кг=20кг

Ж: Қиярдан сәбіздің 20кг артық.

Сергіту жаттығуын жасайды.


Массаның өлшем бірлігімен берілген амалдарды орындайды.


ҚБ: 1-10 балдық жүйе.

ҚБ:

1-10 балдық жүйе.





Оқулық, дәптер қалам

Оқулық




Сабақтың соңы

5 мин


Кері байланыс: «Жетістік баспалдағы» әдісі бойынша өтеді.

Үй тапсырмасы: массаның өлшем бірліктерін, арақатынасын жатта.

Рефлексия жасайды.







«------------------------- орта мектебі» КММ

Қысқа мерзімді жоспар

      Математика 32-сабақ



Бөлім:

Шамалар жəне олардың өлшеу бірліктері

Мұғалімнің аты-жөні




Күні:




Сынып: 2

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Шамалармен амалдар орындау./Мен өлшеймін жəне таразыға тартамын

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.1.3.4. ** Ұзындық (см, дм, м), масса (кг, ц) өлшем бірліктері арақатынасына сүйеніп түрлендіру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар ұзындықтың, массаның өлшем бірліктері арақатынасына сүйеніп түрлендіре алады.

Көптеген оқушылар: екі таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу, азайту тəсіліне мысалдар келтіреді.

Кейбір оқушылар: берілген мәліметтерді пайдаланып есеп құрастыра алады.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларын жасау арқылы жүреді.

Оқу материалын жариялау: «Ауызша жаттығу» әдісі арқылы жүреді. Қосудың тиімді тәсілімен есепте:

-13 пен 60-тың қосындысын ата.

-37 бірлік пен 7 бірліктің қосындысы нешеге тең?

-43 пен 7-нің айырмасын тап.

- 9 бен 81-нің қосындысын тап. Тсс

Оқу материалын жариялау сұрақ-жауап арқылы жүреді.

-Өткен сабақта немен шұғылдандық?

-Таразы деген не?

-Таразымен нені өлшей аламыз?

-1 центнер неше кг-ға тең?

-800кг неше центнер болады?

-2 центнерде неше кг бар?

- Бүгінгі сабағымыздың мақсаты не туралы болады деп ойлайсыңдар?



Ширату жаттығуларын жасайды.
Сандардың қосындысын, айырмасын ауызша табады.
Сабақ мақсатын анықтайды.






Сабақтың ортасы

15 мин


2 мин
13 мин

(Ұ) 1- тапсырма «Салыстыр, құрастыр» әдісі арқылы жүзеге асады.

А) Суреттерге қара. 1 центнерге қанша жетпейді? Салыстыр, ең ауырын және ең жеңілін анықта. Екі амалмен орындалатын есеп құрастырып шығар.

30кг<82 65кг>12кг

10кг<82кг 12кг >5кг тсс

100кг-30кг=70кг

100кг-82кг=18кг тсс

Ә) Әсеттің салмағы 30кг, әкесінің салмағы 82кг, ал інісі 10кг. Әкесінің салмағы Әсет пен інісінің салмағын қосқандағыдан неше кг артық?

Әсет-30кг

Інісі-10кг ? кг

Әкесі-82кг, ? кг артық



Дескриптор:

-1 центнерге қанша жетпейтінін анықтайды.

-Салыстырады, ең ауырын және ең жеңілін анықтайды.

-Есеп құрып шығарады.


Сергіту сәтінде «Жаяу» әнімен билейді.
(Д) 2- тапсырма «Орындап көр» әдісі арқылы жүзеге асады.

А) Кастрөл, шелек, кез келген басқа ыдыс ал. Олардың сыйымдылығын арнайы 1 л ыдыспен өлше. Әр ыдыстың сыйымдылығын салыстыр.Қай ыдыстың сыйымдылығы артық? Неге? теңдіктер жаз.



Дескриптор:

- Сұрақтарға жауап береді.

-Сыйымдылықты өлшейді.

-Сыйымдылықты салыстырады.


1 центнерге қанша жетпейтінін анықтайды.

Салыстырады, ең ауырын және ең жеңілін анықтайды.

2)

Ш: 82кг-(30кг+ +10кг)=42 кг



Ж: Әкесінің салмағы Әсет пен інісінің салмағын қосқандағыдан 42 кг артық.

Билеп сергиді.


Сұрақтарға жауап береді.

Сыйымдылықты өлшейді.

Сыйымдылықты салыстырады.


ҚБ: 1-10 балдық жүйе.

ҚБ: 1-10 балдық жүйе.



Оқулық, дәптер қалам

Оқулық




Сабақтың соңы

5 мин


Кері байланыс: «Жетістік баспалдағы» әдісі бойынша өтеді.

Үй тапсырмасы: отбасы мүшелерінің бойы мен салмағын өлшеп, өлшем бірліктерін салыстыр.











Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет