Қарасөз мәтіндегі көркем ой өлең арқылы да беріледі. Бірақ өлеңді қарасөз оқығандай ырғақпен оқымаймыз. Себебі өлең шумақтардан тұрады және ұйқасқа құралады. Соған сай ырғақ таңдалады.
Өлең- шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен буыны белгілі тәртіпке бағынған мағыналы сөздер тізбегі.
Өлең деген не? Эпитет деген не? Эпитет– заттың немесе құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын, бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, айқындаушы сөз.
Теңеуде бейнелі сөзге жатады.Оның эпитеттен айырмашылығы бар.Теңеу –дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Асқар таудай, дардай.
Өлеңнен эпитет пен теңеу сөздерді тауып көріңдер
Өлеңдегі эпитет сөздер: сұрша бұлт, күміс моншақ шық, сарғылт тартып жапырақ, қоңыр күз,
Теңеу сөздер: беті қызыл алмадай, кемедей, маржан бидай.
Көтеріле аспандай,
Көкте сұрша бұлт көшіп.
Жерге інжу шашқандай,
Күміс моншақ шық түсіп.
Қайың, терек басынан,
Сарғылт тартып жапырақ.
Жерге түсіп шашылған,
Жел үрлесе тек қалтырап.
Бұтақты бүге балбырап,
Көз тартады, көріңіз.
Алма піскен албырап,
Маужырап барқыт қоңыр күз.
Беті қызыл алмадай
Балалары ойнаған.
Анасындай аймалай,
Мектеп тұр қол бұлғаған.
Майға бөгіп мамырлап,
Мал қаптаған даланы.
Қызған еңбек дабылдап,
Қырманның тегіс алабы.
Кемедей кешіп комбайн
Алтын дария егінді,
Сүзіп жүр маржан бидайын,
Күзіміз неткен көңілді!
1-тапсырма. Өлеңнен көркемсөздерді теріп жазыңдар. Эпитет немесе теңеу екенін анықтаңдар.