Сабақ Бөлім: Уақыт Тақырыбы: Ауыл күзі Сабақ мақсаты



бет1/4
Дата05.12.2023
өлшемі11,22 Mb.
#134576
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
3-сабақ Ауыл күзі


Әдебиеттік оқу, 2-тоқсан
3 сынып
31-сабақ
Бөлім: Уақыт
Тақырыбы:Ауыл күзі

Сабақ мақсаты:

Сабақ мақсаты:

3.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп мәнерлеп оқу;

3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу;

3.3.2.1 шығарма мазмұнына сәйкес келетін өлең, сурет, мәтін құрастыра алу.

Ой қозғау. Жұмбақ шешіңдер.

Жиын терін болатын ,

Қамбаға астық толатын

«Қызыл қырман » ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың ?


Күз мезгілі

Тайыр Жароков-ақын, аудармашы

Тайыр Жароков 1908 жылы 26 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының Орда ауданына қарайтын Жетібай ауылында, Нарын құмының етегіндегі Темірбек деген жерде дүниге келген. 1920-1923 жылдары өз ауылындағы орысша-қазақша мектепте оқып, соның үш класын бітіреді.

Қайтыс болғаннан кейін, ақын есімін мәңгі есте қалдыру туралы үкімет қаулысы шығып, бірнеше елді мекенге, мектептерге, Алматы қаласындағы ең үлкен көшеге ақын есімі берілді. 1972-1975 жылдары «Жазушы» баспасы ақынның төрт томдық таңдамалы шығармаларын жарыққа шығарды.

Мағынаны тану. Өлеңді тыңдаңдар.Өлең ырғағына мән беріңдер.


Көтеріле аспандай,
Көкте сұрша бұлт көшіп.
Жерге інжу шашқандай,
Күміс моншақ шық түсіп.
Қайың, терек басынан,
Сарғылт тартып жапырақ.
Жерге түсіп шашылған,
Жел үрлесе тек қалтырап.
Бұтақты бүге балбырап,
Көз тартады, көріңіз.
Алма піскен албырап,
Маужырап барқыт қоңыр күз.
Ауыл күзі
Беті қызыл алмадай
Балалары ойнаған.
Анасындай аймалай,
Мектеп тұр қол бұлғаған.
Майға бөгіп мамырлап,
Мал қаптаған даланы.
Қызған еңбек дабылдап,
Қырманның тегіс алабы.
Кемедей кешіп комбайн
Алтын дария егінді,
Сүзіп жүр маржан бидайын,
Күзіміз неткен көңілді!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет