Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «------------------------- орта мектебі» КММ
Қысқа мерзімді жоспар Жаратылыстану 45-сабақ
Бөлім:
Заттар және олардың қасиеттері. Табиғат ресурстары
Мұғалімнің аты-жөні
Күні:
Сынып: 4
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
Пайдалы қазбалар жана ма?
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
4.3.4.1 кейбір пайдалы қазбалардың (бор, тұз, әктас, саз, мұнай, гранит, көмір, табиғи газ) қолданылу саласын анықтау;
4.3.4.2 Қазақстанның негізгі пайдалы қазбалары өндірілетін кен орындарын картадан көрсету;
4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну
Сабақтың мақсаты
кейбір пайдалы қазбалардың қолданылу саласын анықтайды;
кен орындарын Қазақстан картасынан көрсетеді;
пайдалы қазбаларды сақтау және үнемді қолданудың жолдарын ұсынады.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Ұйымдастыру,
өзін –
өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру
8 мин
Ынтымақтастық атмосферасынқалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.
Өткен тақырыпқа шолу: -Өткен тақырыпты мазмұндаңдар.
-Өткен тақырыптарға байланысты бір-біріңе сұрақ қойып, жауап алыңдар.
Оқу материалын жариялау «Серпілген сауалдар» әдісі арқылы жүреді:
- Жер қыртысында нелер бар?
-Жер қыртысында қандай үдерістер болады?
-Пайдалы қазбалардың қандай түрлері болады?
- Пайдалы қазбалардан зиян келуі мүмкін бе?
-Табиғат ресурстары деген не?
-Табиғат ресурстарын не үшін пайдаланады?
-Табиғат ресурстарын қайдан алады?
- Пайдалы қазбалалар қалай пайда болады?
- Пайдалы қазбалар қалай өндіріледі?
-Пайдалы қазба өндіруге байланысты қандай мамандықтарды білесіңдер?
-Бүгінгі сабақ барысында пайдалы қазбалардың жануы туралы оқып білетін боласыңдар.
Ширату жаттығуларын орындайды.
Өткен тақырыпқа, жаңа сабаққа қатысты сұрақтарға жауап береді.
Оқушының жауабын толықтыру немесе тиімді кері байланыс жасау.
доп
Жаңа білім
15 мин
2 мин
Бекіту
15 мин
(Ұ) 1- тапсырма «Ашық микрофон» әдісімен орындалады.
А) Сөздік жұмысы.
Жанғыш пайдалы қазбалар, көмір, мұнай, газ. Ә) Суретпен жұмыс.
Суретке мұқият қараңдар.
-Не бейнеленген?
-Бұл ресурстардың ерекшелігі неде? Ұқсастығы неде?
-Мұндай ресурстарды не деп атайды?
Сендер қалай ойлайсыңдар?
Б) Зерттеу.
-Көмір қандай зат? Зерттеу нәтижесін кесте түрінде көрсетіңдер.
-Көмір туралы тағы не білесіңдер? Оны қайда пайдаланады?
-Басқа жанғыш пайдалы қазбалар қалай пайда болғанын болжаңдар.