|
(Ж) «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі.
Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгенен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді тәсіл. Интерактивті тақтада 3 сурет көрсетілгеннен кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (1-2 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 2-3 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалімнің екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады.
|
2- тапсырма:
Суретке назар аудар. Компьютер алдында дұрыс отырмаудың қандай зияны бар? Ойыңмен бөліс.
Дескриптор:
Жұптасып өз ойларымен бөліседі.
Компьютер алдында дұрыс отырмаудың зиянын атайды.
Зиян келтіретін теріс әрекеттерді болдырмаудың алдын алу шараларын айтады.
|
|