(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
1-7 мин.
|
Ширату тапсырмасы. «Егер осылай болса...» ойыны. Балалардың біреуі фантастикалық жағдайды ойлап табады, ал басқалары оның шешімін табуы керек. Мысалы: егер әр адам туғаннан бастап барлық басқа адамдардың ойлаған ойларын оқуға қабілетті болса, онда жердегі өмір қалай өзгерер еді?
Егер жер бетіндегі адамдардың әрқайсысы өзіне ғана түсінікті тілде сөйлейтін болса, онда жердегі өмір қалай өзгерер еді? Егер жануарлар тілін адамдар түсіне алатын болса, онда жердегі өмір қалай өзгерер еді? Егер адамдар құс сияқты ұша алатын болса, онда жердегі өмір қалай өзгерер еді? Егер оймен барлық өсімдіктер тіршілігін басқаруға болатын болса, онда жердегі өмір қалай өзгерер еді? Егер адамдар жер астында өмір сүре алатын болса, онда жер бетіндегі өмір қалай өзгерер еді? Егер адамдар су астында өмір сүре алатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді? т.с.с. Фантастикалық әңгімелерге үлесін қосқандардың барлығы марапатталады.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.
|