қос электр қабаты деп атайды, қабаттар арасындағы зарядтар айрымын металдың электродтық потенциалы дейді. Егер таза суға металдың ерімтал тұздарының бірін қосса, қабаттар арасындағы тепе-теңдік жағдай өзгереді. Ерітіндіде еріген металл иондарының көбеюі оның металл бетіне барып қайта қонуын арттырады. Неғұрлым еріген тұздың концентрациясы молайса, соғұрлым металдың еруі азая береді. Тіпті жоғары концентрлі тұз ерітіндісіне малынған металл ерімей, зарядталған қабат түзілмеуі де мүмкін. Металл активтігі төмен болып, ерітіндідегі иондарының мөлшері жеткілікті болса, керісінше оң иондар ерітіндіден бөлініп металл бетіне барады да, ерітінді теріс, металл оң зарядталады. Мұнда да белгілі бір электродтық потенциал туады. Өз тұздарының ерітіндісіне малынған электродтар активтігіне сай теріс (өте актив металдар), немесе оң (активтігі төмен металдар) зарядталып отырады.
Іс жүзінде суға не электролит ерітіндісіне батырылған кез келген металды электрод деп алуға болады. Электродтық потенциал − металл (электрод) мен сұйық фазаның (су немесе электролит ерітіндісі) түйіскен жерінде туатын электростатикалық потенциал. Е = q1 − q2.
Гальвани элементтерінің қарапайымдарының бірі – мыс-мырыш элементі. Мұндағы өз тұздары ZnSO4 пен CuSO4 ерітіндісіне батырылған мырыш пен мыс гальвани элементінің электродтары. Екі тұздың ерітіндісі өзара кеуек тоспамен бөлініп тұрады. Актив металл мырыш пластинкасының бетінде электрондар қалатындықтан теріс, ал активтігі төмен мыс пластинкасына оң иондар жиналатындықтан оң зарядталады. Егер осы екі пластинканы өз ара сыммен жалғастырса мырыштағы артық электрондар тобы электрондар жетпей тұрған мысқа қарай ағады, нәтижесінде сыртқы тізбекте электр тоғы туады. Мысқа ағылып келген электрондар оның бетіндегі мыс тұзының ерітіндісінен келген Cu2+ иондарын бейтараптап (зарядын жойып) отырады, ал жаңа түзілген бейтарап атомдар мыс электродтың бетіне жинала береді. CuSO4 молекуласынан бөлініп жеке қалған SO42- сульфат иондары кеуек тоспадан өтіп мырыш пластинкадан келген мырыш оң ионы мен (Zn2+) әрекеттесіп ерітіндіде ZnSO4 түзеді. Дәл осылайша Zn2+ иондары да мыс сульфатының ерітіндісіне қарай өтіп ондағы SO42 - иондарымен қосылып ZnSO4 түзеді. Мырыш пластинкасының еруі өзінен 2 электрон беріп тотығуы, мыс иондарының бейтараптануы өзіне 2 электрон қосып алып тотықсыздануы болып табылады:
Анод: Zn° − 2e= Zn2+, тотығу процесі
Катод: Cu2+ + 2е= Cu0, тотықсыздану процесі
Элементте жүретін тотығу-тотықсыздану процесі бір мезгілде өтеді, оның жалпы реакция теңдеуі мынадай: Zn + Cu2+= Zn2+ + Cu
Тотығу процесі жүретін электрод