Сабақ ДӘріс тақырыбы : Стандартты электрондық потенциалдар


анод, ал тотықсыздану процесі жүретіні – катод



бет3/3
Дата23.11.2022
өлшемі21,78 Kb.
#51939
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Лекция-9

анод, ал тотықсыздану процесі жүретіні – катод деп аталады. Бұл гальвани элементіндегі анод-мырыш, катод-мыс.
Гальвани элементінің негізіне алынған химиялық тізбекті арнайы кестемен белгілейді: (+)Cu| CuSO4|| ZnSO4| Zn (-)
Сонымен, гальвани элементтерін өз тұздарына батырылған кез келген екі металдан жасауға болады.
Мырыш пен темірді өз тұздарына батырғанда, екеуі де теріс зарядталады, оған қарамастан электродтарды өзара қосқанда активтірек мырышқа жиналған электрондар, одан активсіздеу темірмен салыстырғанда молырақ болғандықтан, мырыштан темірге қарай электрондар ағылып, электр тогын тудырады. Бұл элементте жүретін реакция теңдеуі мынадай: Zn+Fe2+ = Fe+ Zn2+. Неғұрлым электрод ретінде алынған металдардың химиялық активтіктерінде айырым алшақ болса, соғұрлым гальвани элементтерінде өтетін тотығу-тотықсыздану реакция қуаттырақ болып, мол электр тоғы алынады.
Барлық металдардың иондарының ерітіндідегі концентрациясын бірдей етіп алып, потенциалдарының мөлшерін анықтау, олардың активтігін өз ара салыстыруға мүмкіндік береді. Әдетте, әрбір жеке электродтың абсолюттік потенциалын өлшеу тым қиын, сондықтан іс жүзінде электродтардың салыстырмалы потенциалын тауып, пайдаланады. Ол үшін бір металдың потенциалы екінші бір белгілі металдың (электродтың) потенциалынан қаншалықты артық немесе қаншалықты кем екендігін анықтайды. Потенциалдарды салыстыруға арналған стандартты электрод ретінде қалыпты сутек электродын алады. Ол сутек иондарының концентрациясы 1000мл суда 1моль болып келген күкірт қышқылының ерітіндісіне батырылған, беті ұсақ платина түйіршіктерімен кеуектеу етіп қапталған платина пластинкадан тұрады. Осы ерітіндіден 250С-та 1атм қысыммен таза газ күйіндегі сутекті үзбей жіберіліп тұрады. Ол кеуек бетке сіңіріліп бүкіл электрод сутектен жасалғандай болады. Электродтағы сутектен оң иондар ерітіндіге өтеді:
Н2 − 2е = 2Н+. Сонда электрод пен ерітінді арасында туатын сутек электродының потенциалын шартты түрде келісіп нольге тең деп алған.
Кез келген металдың салыстырмалы потенциалын табу үшін бірі стандартты сутекті электродтан, екіншісі сол металдың өзінен жасалған гальваникалық элемент құру қажет. Және ол металдың өз тұзындағы иондарының концентрациясы 1моль/л болуы шарт. Осында анықталатын салыстырмалы потенциал металдың қалыпты (стандарттыэлектродтық потенциалы болып аталады.
Стандартты сутек электроды мен 1л судағы Zn2+ иондары концентрациясы1моль/л болып келген ZnSO4 ерітіндісіндегі мырыш электродының потенциалдарының айырымы – 0,76 в. Бұл мырыш металының қалыпты электродтық потенциалы, оны былайша жазады: ЕZn/Zn2+ =−0,76в.
Мұндағы гальвани тізбегінің иондық кестесі мынадай:
(+)Н2|2H+||Zn2+|Zn(-) Металдарды, сутекті қоса, электродтар потенциалдарының алгебралық шамасының артуына сай орналастырса, Н.Н. Бекетов тапқан кернеу қатарына сай келетін химиялық активтігі бірінен бірі кеми орналасқан стандартты электродтық потенциалдар қатары шығады. Одан металдың стандартты электродтық потенциалының алгебралық мөлшері неғұрлым кіші болса, соғұрлым химиялық активтігі жоғары болатындығы көрінеді. Металдардың стандартты электродтық потенциалы белгілі болса кез келген екі металдан тұратын гальвани элементінің электр қозғаушы күшін (ЭҚК) есептеп шығаруға болады. Ол үшін алгебралық шамасы үлкен потенциалдан шамасы кіші потенциалды алу керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет