КОЛЛЕДЖІ Химия, 1 курс
ҚГБ: № 7 сабақ
ДӘРІС
Тақырыбы: № 1 Практикалық сабақ: “Салыстырмалы атомдық және молекулалық масса. Зат мөлшері”
Химиялық элементтер қасиеттерінің өзгеше болу себебінің бірі олардың атомдары массаларының әр түрлі болуына байланысты. Атомдар қанша кіші болса да ғалымдар олардың өлшеу тәсілін тауып, әр элементтің атомдық массаларын анықтады. Ағылшын ғалымы Джон Дальтон 1803 жылы бірқатар элементтердің салыстырмалы атомдық массасының тұңғыш кестесін жасады.
Швед химигі Йенс Якоб Берцелиус та 1807-1818 жылдары 45 химиялық элементтің атомдық массаларын анықтады. Атомдар заттың ең ұсақ бөлшегі болңандықтан олардың массаларын граммен есептеу мүмкін емес. Ең жеңіл сутек атомының массасы мынадай: m(H)=0,000 000 000 000 000 000 000 001663 кг немесе m(H)=1,66-10-27 кг немесе 1,66*10-24 г.
Көміртек атомының массасы2,0*10-26 кг. Көміртек атомының массасы сутегінің массасынан 12 есе артық.
m(С)/ m(H)=2,0* 10-26/ 1,66-10-27=12 есе артық;
Оттектікі мынадай: m(О)=0,000 000 000 000 000 000 000 000 026 608 кг =2,66*10-26кг. Мұндай сандарды еске сақтап, есептеулер жүргізу мүмкін емес. Атомдық (молекулалық) массаларды өлшеу үшін массаның атомдық бірлігін былай есептеп шығарған. Әуелі көміртек атомының масса санын 12-ге бөлгенде 1,66*10-24 г саны шығады. Осы санды массаның атомдық бірлігі (м.а.б.) етіп алып, осы санмен әр элементтің салыстырмалы атомдық массасына бөлгенде шыққан санды (1,66*10-24 г) салыстырмалы атомдық масса деп алған. Салыстырмалы атомдық масса — мөлшерсіз шама, Ar әрпімен таңбаланады,“r” индексі ағылшынша “relative” cалыстырмалы деген мағына береді.
Енді осы санды элементтің атомдық массаларына бөліп, салыстырмалы атомдық массаларды (Ar) табады:
Элементтің салыстырмалы атомдық массасы оның атомдық массасы көміртегі атомы массасының 12-ден неше есе артық екенін көрсетеді.
Мұнда өлшексіз шама — салыстырмалы атомдық масса мен массаның атомдық бірлігі бойынша алынған атомдардың массасын (сан жағынан бірдей болғанмен) ажырата білу керек.
Химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массалары
Химиялық элемент атауы
|
Атомның массасы (кг)
|
Массаның атомдық бірлігі (м.а.б.)
|
Салыстырмалы атомдық масса
|
Сутек
Көміртек
Оттек
Күкірт
Темір
|
1,66∙10-27
2,0∙10-26
2,66∙10-26
5,32∙10-26
9,30∙10-26
|
1
12
16
32
56
|
1
12
16
32
56
|
Элементтің м.а.б. берілген атомдыұ массасы мен салыстырмалы атомдық массасының сан мөлшері бірдей.
Заттардың молекуласының массасы атомның массасы тәрізді массаның атомдық бірлігімен өрнектеледі. Массаның атомдық бірлігімен өрнектелген молекуланың массасы заттың салыстырмалы молекулалық массасы деп аталады.
Заттың салыстырмалы молекулалық массасы — берілген зат молекуласы массасының массасы 12 м.а.б.-тең көміртегі атомы массасының неше есе көп екенін көрсетеді.
Салыстырмалы молекулалық масса — мөлшерсіз шама, Mr әрпімен таңбаланады. Беймолекулалық құрылысты заттар үшін “молекулалық масса” ұғымы шартты түрде қолданылады.
Заттың салыстырмалы молекулалық массасы— молекула құрамындағы атомдардың салыстырмалы массаларының қосындысына тең болады.
Химиялық формулалар бойынша заттардың салыстырмалы молеулалық массаларын есептеу
1-мысал: Мr(H3PO4)=1∙3 + 31∙1+16∙4=98
Мr(H2O)=1∙2 + 16∙1+16∙4=98
Оқытушы _______________Абенова Ш. Т.
Достарыңызбен бөлісу: |